Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Демеушілердің көмегімен «Мәулімберген» мешітінде жылу қазандығы іске қосылды

Алғабас ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде  демеуші азаматтардың көмегімен биыл қуатты жылу қазандығы іске қосылды.                   

«Бұрындары үлкендер «Аталарың мешіт ұстаған» деп отыратын. Бүгінде сол  бабаларымыздың ұрпақтары Алла разылығы үшін асыл дінімізге қызмет қылуда.  Әлімсақтан мұсылман атанған ата-бабаларымыз қазақтың сайын даласын Алланың бірлік дініне шақырып, Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ның өнегелі өсиет-хадистерімен өскелең ұрпағын тәрбиелеген. Алтай мен Атыраудың арасын еркін жайлап, өркениеттің өзегіне айналған. Сән-салтанатты қала мен медресе-мешіттер мыңдап саналған. Біз сол баһадүр бабаларымыздың жолын жалғастырып, болашаққа бет алған саналы ұрпақтармыз» дейді «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз- қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітінің намысын қорғаған оқушы екінші орынды жеңіп алды

«Рухани келісім күніне» орай, облыс аумағында түрлі мерекелік шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Соның ішінде, мектеп оқушылары арасында болып өткен кіші аяқдоп, шахмат, дойбы мен тоғызқұмалақтан өткен жарыстарды атап өтуге болады.  

             Шахматтан өткен сайысқа Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің атынан облыстық «Дарын» мектебінің 5 «б» сынып оқушысы  Қайрош Нұрсипат қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Алла Тағаладан жас өркенге алдағы уақыттарда да толағай табыстар тілейміз.

 

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз қызметі.   

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу