Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш болып өтті

Жексенбі күні Атырау халқы Мәуліт мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. «Мәңгілік өнеге: Әз Мұхаммед Мұстафа» атауымен өткен рухани кешті Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі, орталық «Иманғали» мешіті ұйымдастырды.

Рухани кешке Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев арнайы қатысып, діни мерекенің қоғам өміріндегі роліне тоқталды. «Тарихи деректерді сараласақ, сонау қасіретті жиырмасыншы жылға дейін елімізде 11 мың мешіт болған екен. Отарлау кезеңінде біз бұл көрсеткіштерден ажырап қалдық. Тәуелсіздік жылдарында асыл дініміз ортамызға қайта оралып, елімізде үш  мыңға жуық мешіт тұрғызылды. Атыраудың өзінде 29 мешіт бар» деп атап өтті басқарма басшысы.

 Мүфтият өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Мәуліт мерекесінің мәніне тоқталды. «Рамазан айының қасиетті болуы – бұл айда Алла Тағала Құран түсірді. Ал, Мәуліт айында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келді. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) бірге, әлемге нұр келді. Пұтқа табынушылық, қараңғылық дәуірі өтіп, мұсылмандар ислам дінін қабылдады. Алланы таныды, негізгі құндылықтарды ұғынды» деп атап өтті бас имам. Батыржан қажы Берденұлы мұсылмандарға қашанда пайғамбарымыздың (с.ғ.с) адалдығы, жанашырлығы, көркем мінезі, кешірімшілдігі, рахымдылығы үлгі болуы керек екендігін айтты. 



Махамбет атындағы қазақ драма театрында күндізгі және кешкі мезгілде өткен рухани шараға халық көп жиналды. Ине шаншырлық орын болмаған залда «Өнер қырандары» театры түрлі тақырыптарға арналған қойылымдарды ұсынып, көрерменге ой саларлықтай тағылымды әңгімелерімен ерекшеленді. Интернеттен «білім» алып, жат ағымға өткен жігіттің қасіреті, ата мен немере арасындағы тағылымды әңгімеге құрылған қойылымдар көрерменнің ерекше қолдауына ие болды.

Кеш барысында Мәуліт жыры оқылып, илләһи әндер орындалды. Сондай ақ, көрермендерге "Адамзаттың асыл тәжі" атты кітап тегін таратылды. 



Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Артық Жұмабекұлы жамағатпен жүздесті

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітке бас имам болып тағайындалған Артық Жұмабекұлы ғибадат үйінің ұжымымен, жамағатпен жақынырақ танысу мақсатында бейресми кездесу өткізді.  

Шара барысында жамағатпен арадағы бауырмалдық, ізгілік, ауызбірлікті бекемдеу тақырыптарында салиқалы сұхбат құрылды.

«Қай заманда болмасын ел ішіндегі береке-бірлік, көршімен татулық ең маңызды рөлге ие болатын. Өйткені, жер бетіндегі өзара келіспеушілік пен дүрдараздықтар белгілі бір мемлекеттің шаңырағының шайқалуына, ел іргесінің сөгілуіне әсерін тизібей қоймайтын. Шүкір, тәуілсіздікке қол жеткізіп, күні бүгінге дейін достығымыз дархан, ынтымағымыз ырысты болып отыр. Көршілес мемлекеттермен  тату-тәтті қарым-қатынас орнатып, бірлігіміз бекемделе түсті. Ислам дінінің басты мақсаты да жер бетіне ізгілік нұрын себу болып табылады» деген Артық Жұмабекұлы мешіт ұжымының алдағы уақытта да бірлік жолындағы жұмысын жалғастыра түсетінін айтты.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

ЖАС ОТБАСЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жылыой аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жас отбасылармен кездесу өтті.

«Отбасы - алтын діңгек» тақырыбымен өткен кездесуде қоғамда орын алып жатқан отбасы проблемалары, отбасын сақтау, бала тәрбиесі, әкенің, ананың ролі туралы айтылып, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

 Шараға Жылыой ауданының АХАЖ бөлімінің басшысы С. Хамидоллаұлы мен Жылыой аудандық «Жылыой орталық» мешітінің бас имамы А. Исаев, мешіт ұстазы Д. Сулейменов, психологтар арнайы мейман ретінде келді.

Жас отбасыларға жолығатын қиындықтан шығу жолдары, отбасы құндылығы,  ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу, қоғамда дәстүрлі және негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы тақырыптары ерекше талқыға түскен жиында үлгілі отбасыларға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.

Жылыой орталық мешітінің
баспасөз қызметі.


Толығырақ ...

Тұрғызба ауылына жаңа имам тағайындалды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Қожакелді Нұрдаулет  Нұрланұлы Жылыой ауданына қарасты «Тұрғызба» ауыл мешітінің имамы болып тағайындалды. Бұл жөнінде мешіт жамағатымен жүздескен "Жылыой мұсылмандар" орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев  жамағатқа Жұма намазы кезінде хабарлады.

Осыған дейін «Тұрғызба»  ауылы мешітінің имамы қызметін абыроймен атқарған Есқайыров Асыланбек Таңатұлына Атырау облысының өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлының атынан алғыс білдіріліп, дәстүрге сай  шапан жабылды.  Жаңа қызметке тағайындалған әріптесімізге сәттілік тілейміз.


Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі


Толығырақ ...