Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мектеп-интернат оқушыларына құрмет көрсетілді

 

22-ақпан күні "Иманғали" орталық мешітінде Атырау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 мектеп-интернаты оқушыларына құрмет көрсетілді. 

         Шара барасында 25-тен астам оқушыға дастархан жайылып, сыйлықтар тарту етіліп, қаржылай көмек берілді.

         Наиб имам Артық Жұмабекұлы, сондай-ақ, мешіт азаншысы, ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаев жас ұрпақты қайсарлық пен жанқиярлыққа үндейтін уағыз айтып, Ислам тарихындағы өнегелі тұлғалардың өмірін үлгі ете сөз сөйледі.

         Тағдыр талқысын мойымай көтеріп жүрген балалар көңілін бір сәт болса да көтеруді мақсат еткен мешіт ұжымы балалармен естелік суреттерге түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Білімді жас жат ағымға түспейді

21 ақпан күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы №5 жалпы орта мектепте «Білімді жас жат ағымға түспейді»  тақырыбында кездесу өтті. Шараға «Жылыой орталық» мешітінің ұстазы Сүлейменов Дастан, мектеп ұстаздары және оқушылары қатысты. Мешіт ұстазы дәстүрлі Ислам дінінің артықшылығы, діни экстремистік ағымдардың кері әсері, тәлім-тәрбие, білім алудың маңыздылығы және ата-ананың қадірі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және олардың құйтұрқы тәсілдерін ашып көрсетіп берді.

         Кездесу соңында оқушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын дін маманына қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мектеп әкімшілігі ұстазға

алғыс айтып, алдағы уақытта жүйелі кездесу өткізіп тұруды уағдаласты.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

 

Толығырақ ...

Өкіл имам Атырау селолық мешітіне барып қайтты

21-ақпан күні ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылындағы «Атырау селолық мешітіне» барып, жамағатпен жүздесті.

Сондай-ақ, мешітте жаңадан құрылған «Ақақалдар алқасының» жұмыс барысымен танысып, мешіт тынысына қатысты мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында ақ дастарханнан дәм ауыз тиген бас имам жамағатқа үлгі-өнеге боларлық уағыз-насихат айтты.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

 «Атырау селолық мешіті»

Толығырақ ...

Атырау селолық мешітінде «Ақсақалдар алқасы» бас қосты

   22-ақпан күні Атырау селолық мешітінде «Ақсақалдар алқасының» басқосу жиыны өтіп, дастархан жайылды.

    Жиынның мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту, бауырмалдықты арттыру. Бұл туралы  мешттің наиб имамы Жолдасов Бағытжан сөз сөйлейді.

Ақсақалдар алқасы атынан Серік аға өз пікірін білдіріп, «Мұндай басқосулардың жастарға берер үлгі-өнегесі мол. Мешітімізге жаңадан келіп жамағатымызға қосылып жатқан жастар теріс ағымдарға қосылып кетпей, дастүрлі  Абу Ханифа мазһабы бойынша намаз оқып, сол жастар кейін ауыл-өңірімізде дін-Исламның кең таралуына септігін тигізуі керек», – деді.

Жиын соңында жас жамағат атынан Гумаров Асылбек бауырымыз сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді.

 

ҚМДБ-ы  Атырау өкілдігінің

баспасөз қызыметі,

 «Атырау селолық мешіті».

Толығырақ ...

«Тәкфир» идеологиясын таратқан Абдухалил Абдужаббаров Қазақстанға қайтарылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматы А.Абдужаббаровтың Сауд Арабия Патшалығынан елімізге депортацияланғаны туралы хабар таратты.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу