Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Теолог «Темірәлі» мешітінің жамағатымен кездесті

Құрманғазы ауданы «Темірәлі» мешітінде Шапағат деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теолог маманы Батырбек Убаев жамағатпен кездесу өткізді. Құптан намазының алдында өткен кездесуде Б.Убаев «Исламдағы көркем мінез» деген тақырыбында уағыз айтты.

Уағызға 40-қа жуық жамағат қатысты. Жиын соңында теолог жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

ҚМДБ Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

 

 «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Теріс пиғылды ағымдардан сақтану жолдары

        2-ақпан күні Жылыой ауданыТұрғызба елді-мекеніне қарасты №4 жалпы орта білім беретін мектепте  «Теріс пиғылды ағымдардан сақтану жолдары» атты тақырыпта ауылдық мешіт имамы А.Есқайыров, Жем ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы С.Досқалиев, мектеп директорының орынбасары Б.Нұржанова, дінтану пәнінің мұғалімі Н. Табылғанова мектеп оқушыларымен кездесті.

Шара барысында имам А.Есқайыров жат ағым өкілдерінің теріс пиғылдары туралы кеңінен мағлұмат берді. Дәстүр, тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызға сәйкес келетін діни ұстанымды қалыптастыруымыз қажет. Исламдағы бала тәрбиесінің отбасынан басталатынын, ата-ананың баласының алдындағы міндеттері мен ұлттық сананы қалыптастыру жолдары жөнінде уағыз-насихат айтылды.

          Кездесу соңында оқушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын мешіт имамына қойып, тұшымды жауаптарын алды.

 

ҚМДБ Атырау облысы

бойынша баспасөз қызметі,

 

Тұрғызба ауылдық мешіті

Толығырақ ...

«Мәулімберген» мешітінің имамдары ауыл әкімімен кездесті

Алла Тағаланың  адам  баласына берген зор нығметі – ақыл. Ақыл арқылы адамзат Алла Тағалаға иман келтіреді. Еңбек етіп, нәпақа табады. Өмірлік биіктіктерді бағындырып, жетістіктерге қол жеткізеді. Әрине, дана халқымыз  «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», – деп жатады. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ға Алладан уахи түспесе, сахабалармен ақылдасып, күрмеуі қиын мәселелердің түйінін тарқатып отырған.

 Ақпан айының алғашқы күні Атырау қаласы, Тасқала ауылы, «Кең-өзек» ауылдық округінің әкімі Сәден Сәкенұлы ауылдың бір топ ақсақалдарын арнайы әкімшілік кеңсесіне шақырып, ауыл-аймақ төңірегіндегі күнделікті күрмеулі тол- ғандырып жүрген жағдаяттарды ортаға салды. Келелі  кеңеске Алғабас ауылдық  «Мәулімберген»  мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов, наиб имам Ізбасар Қабдырахманов пен Нариман  Жұмашев, көмекші  молда  Серік Бәйменов та қатысып, мешіт қызметіне қатысты мәселерді талқыға салды.  

Аталған жиынға Атырау қалалық ішкі істер басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Асылжан Батырханұлы мен Аманжол Бақытжанұлы да қатысып, ауыл әкімі мен ақсақалдарға атқарылып жатқан тиісті жұмыстарын баяндады.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық берсін. Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

 

«Мәулімберген» мешіті   

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу