Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Қ.Мұңайтпасов» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді

 «Қ.Мұңайтпасов» мешітінің жамағаты сенбілік жұмысын жүргізіп, мешіт айналасын ретке келтірді. Мешіт алдындағы ағаш теректерді әктеп, мешіттің ескі, жарамсыз бұйымдары сыртқа шығарылды. Жер орындарына тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Мешіт ауласының сыртына жаңа баннерлер ілінді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Тазалық – иманнан

Жылыой аудандық орталық мешітінде сенбі күні мешіт қызметкерлері және мешіт жамағатының қатысуымен сенбілік өтті.

Сенбілік барысында мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ағаштардың түбі қопсытып, ақтау жымыстары жасалды.        

Дініміз Ислам тазалыққа қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» деген. Тағы бір хадисінде: «Алла – жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын жақсы көреді. Ендеше, үйіңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!» деген. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді», деген.

Сенбіліктің жамағат ауызбіршілігін арттыруға да тигізген ықпалы зор болды.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

Қариялар – қазынамыз

Жылыой аудандық орталық мешіті мұқтаж жандардың жанынан табылып, мұңын әрқашан бөлісіп келеді.

Осы ретте мешіт ұжымы 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұзақ жылдар бойы төсекке таңылған Ілгек қажы Ахмедияровтың шаңырағын зиярат етті. Бір жылдан бері төсек тартып қалған ата-әже мешіт имамдарын көріп балаша қуанды. Жасы жүзге жақындаған ақсақал ақ батасын беріп, дін саласы қызметкерлеріне ризашылық сезімін білдірді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

Интернат студенттеріне қайырымдылық жасалды

«Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлының бастамасымен өтіп жатқан «Қайырымдылыққа асығыңыз» акциясы аясы әлі де өз жалғасын табуда.

Осыған орай, наурыздың 13-і күні Атырау мұнай-газ колледжінде білім алып жатқан интернат тәрбиеленушілері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге қайырымдылық жасалды.

Қайырымдылық акциясы аясында 6 студентке көктемгі киім табысталды. Шара барысында мешіт азаншысы, ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаев сөз сөйлеп, студенттерге қолдау білдірді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...