Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» мешіті ұжымы зағип, саңырау, сақаулар қоғамында

Бүгін, 7-наурыз күні «Иманғали» орталық мешіті ұжымы қаладағы Зағип, саңырау, сақаулар қоғамына барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көктемнің жайма шуақ күніндей әсерлі көңіл-күй сыйлап қайтты.

«Жерде бір жетім қуанса, көкте мың періште шаттанады», – демекші тума жетім болмаса да, көрер көз, сөйлер тіл, тыңдар құлаққа зәрулігі себепті қоғамнан жырақ тірлік кешіп жатқан мүгедек жандардың көңілін сұрап, жағдайын білу – сансыз сауапқа кенелтер игі іс.

Тіптен, АллаТағала олардың құқын қасиетті Құранмен қорғап, кісілікке алмаудың мұсылмандыққа жатпайтынын баян еткен. Мысалы, бірде көрсоқыр Абдулла ибн Үмму Мактум (р.а.) сынды азаншы сахаба өзіне сұрақ қойған кезде назарын салмай қойған Пайғамбарына (с.ғ.с.) разы болмаған Алла Тағала мазлұмның жабырқаған көңілін көтеріп, адамдық құнын көрсеткен «Ғабаса» сүресінің алғашқы аяттарын түсірген екен. 40-қа жуық мүгедек жанға жайылған ақ дастархан басында ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Құранда кездесетін осы оқиғаны баяндап, мұқтаж жандардың рухына дем бергендей болды.

Әйелдер мерекесімен тұспа-тұс келген шара соңында Әйел-аналарға сыйлықтар тарту етілді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

 «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Әйел-аналарға қайырымдылық жасалды

Бүгін, 7-наурыз күні «Иманғали» орталық мешітінде халықаралық Әйел-аналар мейрамына орай бір топ ақ жаулықты аналарға қайырымдылық жасалды. Қайырымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ қамкөңіл жандарға көмек қолын созу.

 Қайырымдылық пакеттерін (макарон, күріш, өсімдік және мал еті, т.б.) тарату барысында ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы сөз сөйлеп, ақ жаулықты ана, апаларымыз бен жеңгелерімізді көктемнің алғашқы мерекесі – Әйелдер мейрамымен құттықтады.

Айта кету керек, игі шара барысында 20-ға жуық отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды. 

 

Гүлбану Нұрымқызы,

 «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді

Көңілді жасандырған көктемнің алғашқы шуақты күндері «Иманғали» мешітінің ұжымы Алла үйінің ауласында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Тазалық сынды пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне амал еткен әріптестеріміз бір сәт жұмыстан қол үзіп, қолдарына сыпыртқы ұстады. Үш ай қыста қалың қардың астында жатып, күн жылына желмен бірге ұйытқыған қоқыс қалдықтарын күресінге тастады.  

«Екі қолға бір күрек», – демекші, аз ғана уақытта мешіт ауласын айнадай қылып сыпырып, ластық заттардан арылтты.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Өкіл имам медреседегі оқу барысымен танысты

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, Иманғали» орталық мешітінің бас имамы мешіт жанындағы медреседегі оқу барысын қадағалап қайтты.

Өкіл имам ең алдымен, медресе ғимаратын аралап, оқу орнының хал-ахуалына қатысты түйткілді мәселелермен танысты. Екі айлық біліктілікті арттыру курсында тегін білім алып жатқан шәкірттердің діни оқулықтар, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуіне көңілі толған Батыржан қажы медресе басшылығына зор алғысын білдірді.

Сондай-ақ, медресе өтіп жатқан Құран сабақтарына қатысып, үйренуші  шәкірттердің сауат ашу дәрісі бойынша алып жүрген білімдерін сынап көрді. Олардың араб әріптерін қатесіз дыбыстауына (тәжуид) мән беріп, мақамына (махараж) келтіріп оқу нақышына назар аударды. «Құран – Алланың кітабы, Алланың нұры. Сондықтан оны қатесіз оқу – үлкен сауап әрі жауапкершілік. Сіздердің осы курс барысында қол жеткізетін зор нығметтеріңіз сол – Алла кітабын қатесіз оқу мүмкіндігіне ие болу. Сондықтан курсты бітірген кезде сауатты оқып, жазуға қол жеткізуді мақсат ете білулеріңіз керек. Сол себепті Құран оқуға деген ықыластарыңызды арттырып, зейін қойыңыздар», – деді өкіл имам өз сөзінде.

Осы курс соңында шәкірттердің діни біліктілігін арттырғаны туралы арнайы сертификаттарға ие болатынын жеткізген өкіл имам олардың екі ай уақыттарын ұтымды пайдалануға шақырды.    

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ НАЗАРОВ: Шынайы бақыт – Исламда!

- Дүниедегі ең үлкен бақыт - тыныштық тапқан жүректе болса керек. Алла Тағала қалаған құлына иман беріп, қалаған құлын адастырады екен. Имандылыққа бет бұруыңыз әрине, алдымен Алланың қалауы ғой. Дегенмен кейде адамның Исламға келуіне бір оқиғалар себеп болып, бір адамдар себепші де болып жатады. Ал сіз Хақты қалай таныдыңыз? 

Толығырақ ...

Қалайша түсініспеушілікке барады?

Риуаят бойынша әзіреті Омар (р.ғ.) бір күні өз-өзіне былай сұрақ қояды:

Толығырақ ...

Құранның шарапаты

Құран мұсылмандардың қасиетті кітабы. Сан ғасырдлар өтсе де Алланың сөзі еш өзгерместен бүінге жетті. Және өзгермейді де. Құранның қорғаушысы Ұлы Жаратушы Өзі екенін Алла Тағала Құран Кәрімде: “Құранды біз түсірдік, оны қорғайтын да өзіміз” (“Хижр” сүресі, 9-аят), – деген.

Толығырақ ...