Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Исламтанушы ұстаз әйел жамағатына уағыз айтты (фото)

ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының шақыртуымен өңірімізге келген елге белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлы мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан әйел жамағатымен кездесіп, Исламдағы әйелдің мәртебесі тақырыбында уағыз айтты.

Толығырақ ...

Қ.Әліпбайұлы "Иманғали" орталық мешіті жанындағы медресе шәкірттерімен жүздесті

ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының шақыртуымен өңірімізге келген елге белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлы мешіт жанындағы медреседе екі айлық білім жетілдіру курсында білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.     

          Өкіл имам Батыржан Берденұлының басшылығымен ашылып, қазіргі таңда мешіттің қаржыландыруымен жұмыс жасап жатқан білім ордасының ғимаратын аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан Қ.Әліпбайұлы шәкірттерге білімнің құндылығы жайында насихат айтты. "Білім - Алла Тағаланың әмірі. Сондықтан Құранның алғашқы аяттары білім алуды бұйырады. "Надан адам батыр келеді", - демекші, Алланың алдында дәрежесі ең жоғарылар - білімді адамдар. Өйткені, білімді адам арам мен адалды білгендігі себепті Алланың қаһарынан қорқып тұрады. Білімсіз наданда мұндай қорқыныш болмайды. Қасиетті Құранның білгендер мен білмегендерді тең қоймайтын себебі - осы. Ендеше, жәннаттағы дәрежеміздің жоғары болуына алып келетін білім алуда ықыласты болу, алған білімді амалмен бекіту - баршамыздың борышымыз",

 - деді Қ.Әліпбайұлы.

          Кездесу соңында шәкірттер көкейтесті сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

 

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі  

Толығырақ ...

Белгілі исламтанушы Қ.Әліпбаев Атыраулық дін саласы мамандарымен кездесті

1-сәуір күні белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбаев Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығына ат басын бұрып, өңір теологтарымен кездесті. Жиын тақырыбы дін саласы мамандарының Уахаби-салафи ағым мүшелерімен жұмыс жасау тәжірибелерін жетілдіру мақсатына арналды.

          Дін саласы мамандары бастамасымен өзара іс-тәжірибе алмасу аясында

өткен шеберлік сағатын елдің ықыласына бөленіп жүрген Қ.Әліпбайұлының өңірімізге келуіне бірден-бір ұйытқы болған ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі,  "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ашып, имамды атыраулық әріптестерімен таныстырды. Жиынның маңызына және оның қоғамдық қажеттілігіне баса назар аударды.

          Дөңгелек үстел басында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев бірінші болып сөз алып, Атырау өңіріндегі діни ахуал және осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.

          Басқарма басшысының сөзін жалғаған Мысырлық "Әл-Азһар" Ислам университетінің түлегі, бүгінгі таңда "Нұр Астана" мешітінің наиб имамы қызметін атқарып жүрген Қ.Әліпбайұлы Ислам дінінің артықшылықтарын атап көрсетіп, қазақ тарихындағы орнына тоқталды. "Қанша ғасыр өтсе де, саф күйінде сақталып, өзгеріске ұшырамаған дініміз - Алла Тағала тарапынан қорғалған дін. Оның қос қайнар көзі - Құран және пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Ал, жат ағым идеологиясы осынау алтын діңгегіміздің сыртындағы негізсіз, адамның Аллаға емес, адамға құл болуын көздейтін пендеуи пікір-көзқарастар жиынтығы", - деді Қ.Әліпбайұлы өз сөзінде.

          Отырыс соңында мамандар жат ағыммен күрес барысында кездесетін қиындықтар мен түйткілді мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

 

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...