Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қала имамдары мешіт құрылысына атсалысты

Өткен аптада ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған қала имамдары күрделі жөндеуден өтуіне байланысты іргетасы қайта қаланып, құрылысы енді жүргізіле бастаған Атырау қалалық «Құспан молда» мешітінде қазақы дәстүрмен «Асар» рәсімін өткізді.

Толығырақ ...

«Бейбіт күн жасасын әлемде…»

Жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

          Осы орайда 9-мамыр Жеңіс күніне орай Шоқпартоғай ауылдық «Жеңіс бағында» №3 мектеп оқушылары және «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен дайындаған мерекелік шара өтті.  

Шараның мақсаты – балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Шара барысында Қара-арна селолық округінің әкімі Е.Елеусінов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Махамбетов, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, Жылыой қалалық депутаты С.Балжігітов, №3 мектеп директоры Ш.Оңғарбаева сөз сөйлеп, ұлы жеңістің мерекесі күнімен құттықтады. «Құрметті  Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын», - деді ол.

Шара соңында соғыс құрбандарының  Жамбыл имам құран бағыштады.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Шоқпартоғай» ауылдық  мешіті

Толығырақ ...