ұстаз Серікжан Еншібайұлы - Тарихтан тағлым, өткеннен өнеге
- Бөлім: Медиа дәрістер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі, «Иманғали» орталық мешіті 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларын мамыр айының 29-жұлдызынан бастап жазғы сауат ашу курсына шақырады.
Сауат ашу курсында жүргізілетін дәрістер:
- Құран әліппесі;
- Иман негіздері;
- Ислам ғибадаты;
-Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі.
Сондай-ақ, балалар арасында түрлі білім және спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады. Түске дейінгі және түстен кейінгі ауысым жұмыс жасайды.
Сабақ уақыттары: түске дейін I топ 10:00 – 12:00
түстен кейін II топ 15:00 – 17:00
Қажетті құжаттар: Ата-анасының өтініші,
Туу туралы күәлік көшірмесі.
Құжаттар мамыр айының соңына дейін қабылданады. Толық ақпаратты «Иманғали» орталық мешітінен немесе 30-55-58, 8778 911 31 11 телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз. Сауат ашу курсы ақысыз жүргізіледі.