Рамазан мүбарак болсын \ ұстаз Батыржан Мансұров
- Бөлім: Бейнероликтер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Жаратушы иеміз Адамзат баласына тура жолды нұсқап, Пайғамбарлар мен кітаптарын жіберді.Алайда, әртүрлі қауымдар мен тайпалар Алланың және ел- шілердің жолынан безіп, түрлі азғындықтарға барып, жер бетінен жойылды. Аллаға мың сан шүкір, кешегі дінді мансұқтаған Кеңес кезінде де қазақ халқы тура жолдан таймай, асыл дінімізді кейінгі ұрпаққа аманаттап кетті. Тәуелсіздік алып, көк байрағымыз желбіреп, өзге елдермен тереземіз тең бола бастағанда, қоғамда түрлі адасқан діни ағымдар пайда болып, кейбір жастарымыз адасқан ағымдардың айтағына еріп, ел-жұртымыз едәуір елеңдеп отыр. Яғни, қоғамда болып жатқан құбылыстар, әсіресе діни жағдайлар ешкімді де бей-жай қал- дырмасы анық.
ҚМДБ мен оған қарасты мешіттер, құзырлы да орындар тиісті шараларын алуда. Атырау қаласы бойынша «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу шарасы» тақырыбында мамыр айының 23 -ші жұлдызында, Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінде жамағатпен кездесу болып өтті.
Аталған шараны «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов ашып, шара қонақтарына сөз берді. Кездесуге «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ы басшысының орынбасары Ербол Жаулин,белгілі дінтанушы, теолог-Батырбек Убаев, Атырау қалалық прокурорының аға көмекшісі Айбек Рахметов, «Кең-өзек» ауылдық округі әкімінің орынбасары Үмітжан Есенғалиевалар қатын- асып, ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттары тарапынан болған көкейкесті сұрақтарға толыққанды жауап беріп, алдағы уақыттарда да осындай игі шаралар- дың жиі-жиі болғанын құп көріп, ақсақалдар ақ батасын беріп тарқасты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті
...Алаш елі арыстарының бірі Мағжан Жұмабаев:
«Арыстандай айбатты. Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті, қанатты, Мен, жастарға сенемін», - деп кейінгі ұрпаққа ұлы аманатын айтып, ұланғайыр ел мен жерді табыстап кеткендей. Әрбір қоғамның қозғаушы күші ол – жастар. Міне,сол жас ұрпақтың асыл дініміздің қағидаларын орындап, құлшылықтар- ын өтеп, тура жолға түскендерін көріп көңіл марқаяды.
...Дегенмен, аңғал жастар, албырттықпен аяқтарын шалыс басып, аңдыған адасқан ағымдардың арбауына түсіп,отбасын, әулетін, қала берді тұтас қоғам- ды алаңдатып отыр. Бұл келеңсіз құбылыстардың алдын бүгін алмаса, ертең кеш қалуымыз әбден мүмкін. Осы орайда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойын- ша өкілдігі, Атырау облысы дін істер басқармасы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның тарапынан да ауқымды істер атқарылуда.
Ағымдағы айдың 23-і күні Атырау қаласы, Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінде аталмыш қоғамдық қордың маманы, белгілі дінтанушы, теолог – Батырбек Убаев құптан намазының алдында тұщымды уағыз-насихат айтып, таза діни бағыт пен адасқан ақидалардың ақ-қарасын айырып,ара-жігін ажыр- атып, барша жамағатты - Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзғабының аясында амал етуге шақырды.Ақихат ащы болады. Адасқан ағымдардың арбауынан бөзөкпе балапандарымызды аман алып қалу, бүгінгі күнгі басты борышымыз болып тұр, ардақты ағайын. Алла Тағала бұл істе де бізге жәрдемші болсын! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі.
Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті