Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қазақ күресінен өткен IV республикалық чемпионат жүлдегері марапатталды

Алматы қаласы «Халық арена» спорт кешенінде «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін Қазақ күресінен IV республикалық чемпионат қорытындыланған болатын.

Еліміз бойынша әр өңірден  59-дай балуан қатысқан дүбірлі додаға облыстық іріктеу турнирінің жеңімпаздарының бірі қызылқоғалық – Мәлік Төлеушовтің жолдама алғаны белгілі.

Күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, «Alem Fighters» кәсіпқой спорт клубының президенті Ардақ Назаров т.б. спорт шеберлері қатысқан байрақты бәсекеде Мәлік Төлеушовтің бағы жанып, халықаралық дәрежедегі төрешілер шешімімен жүлделі 2-орын биігінен көрінді.

Осыған орай, бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жүлдегер балуанды жеңісімен құттықтап, бәйгеге тігілген кіші қажылық жолдамасын табыс етті.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Қазақ жастары неге жат ағым жетегіне еріп кетуде?

Әр елдің болашағы жастар екені мәлім. Бірақ өкініштісі сол жастарымыздың дәстүрлі емес жат ағымның құрбаны болып жүргендері қабырғамызды қайыстырады.

Жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуіне бірнеше себептер бар. Біріншіден, дінге жаңадан бет бұрып келе жатқан жас буынның білімсіздігін пайдалану арқылы Исламның дұшпандары Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін бұрмалап, өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін елдің ауыз-біршілігін бұзып, салт-дәстүрімізді жоққа шығарып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты үзіпжастарымызды қол шоқпарына айналдыруда.

Екіншіден, қазіргі заманда жастарымыздың интернет желісін жиі қолданатынын ескере отырып, әлеуметтік желілер арқылы жас буынның санасын улауда. Үшіншіден, террорлық және деструктивті ұйымдардың жастарға бұрмаланған кітаптарын, Ислам дұшпандары көсемдерінің аудио және видео таспаларын тарату арқылы өздерін «тура жолдамыз» деп, өздерінің наным-сенімдеріне келіспегендерді «адасқанға» шығарып мешіт имамдарының, ұстаздарының айтқан уағыз-насихаттарына құлақ аспауын  жастардың санасына құюда.

Қазақ жастарының жат ағым жетегінде кетуін алдын-алу жолдары: бейресми діни білім беру орындарына көңіл бөлу, және бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарында діни негіздердің түп-нұсқасын дұрыс түсіндіру, дін қағидаларын білікті, білімді дін мамандары арқылы жеткізу, халықтың діни сауатын ашатын оқу орындарын көбейту, елімізде тез тарайтын ақпараттардың бірі - әлеуметтік желілерді бақылауға алу. Бұл шараға тек қана дін қызметкері ғана емес, еліміздің әрбір азаматы ат салысуы қажет. Сонда ғана бейбіт еліміздің тыныштығы сақталып, қазақ даласы өркениетті, бірлігі берік, шаңырағы биік ел болады.

 

Толығырақ ...

Өкіл имам Рамазан айына байланысты баспасөз мəслихатын өткізді

25-мамыр күні  ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мəслихатын өткізді.

          Мәслихат барысында қасиетті Құран түскен Рамазан айының қадір-қасиетін атап көрсеткен өкіл имам берекелі айдағы ораза құлшылығына қатысты біраз  мәселелерге тоқталды.

-  Биылғы Рамазан айы 29 күн болып белгіленді. Яғни, 26-мамыр күні тарауих намазын оқыған мұсылман жұртшылығы 27-мамырдан бастап ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Рамазан жасаған сауаптар сансыз еселеніп, Алланың разылығына қауыштыратын қайырымдылық айы болғандықтан, мешітімізде қайырымдылық істер көбірек жасалады. Ораза басталған күннен бастап ауызашар дастархандары жайылады.  Ораза күні 24-маусымда аяқталса, 25-маусым күні айт намазы оқылады. Қадір түні маусымның 21-нен 22-не қараған түніне келіп тұр, - деді Батыржан Берденұлы.

Сондай-ақ, өкіл имам дұрысында ауыз бекіту таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылуы тиіс. Алайда, бұл ретте түсінбеушіліктер де орын алып жатады. Айталық, көпшілік арасында таң намазы кіріп, күн шыққанға дейінгі аралықта ауыз бекітіп, құлшылық ережесін біліп, білмей бұзып жататындар кездеседі. Кейбірі таңда тұрып сәресі ішуге көңіл бөлмейді. Бұл оразаға деген ықылас-ниеттің кемдігін білдіреді, - дей келе ораза туралы көбірек насихаттаудың қажеттілігін журналистер алдына тартты.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...