«Иманғали» орталық мешітінде Құран хатым түсірілді
- Бөлім: Жаңалықтар
27-мамыр күллі мұсылман жұртшылығы асыға күткен Рамазан айының кіруіне байланысты 27-мамырдан бастап «Иманғали» орталық мешітінде Құран хатым түсіру басталды.
Биылғы алғашқы Құранды хатым ету шарасына ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, жамағатты қасиетті Құран айы – Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ, өңірімізге Құран хатым түсіру үшін Түркия Республикасынан арнайы шақыртылған Мұстафа Зенжиржи мен «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Хусейн Кая атты түркиялық қарилармен таныстырды.
30 парадан тұратын Құран 30 күн бойы оқылып, Рамазан айының соңында дұғасы жасалатын болады. Бүгін қарилар Құранның бірінші парасы (20 бет) бойынша хатым етті.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі