Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» орталық мешіті «Ақтөбе асарына» қолдау білдірді

Су тасқыны сияқты табиғат апатына ұшыраған ақтөбелік ағайынға көмек қолын созып, қайырымдылық жасау мақсатында Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» орталық мешіті «Ақтөбе асары» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын.

Акцияның ақпараттық хатында «Атөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайына бей-жай қарамай, Алла ризалығы үшін қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймыз» делінген.

Осыған орай, ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі  өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы көмекке мұқтаж ағайынның жағдайына бей-жай қарамай, атыраулық жамағатты «Ақтөбе асарына» қолдау білдіруге шақырып, парақшалар таратты.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қайырымдылық жасалды

«Ер есімі ел есінде» демекші, ел басына ауыр күн туғанда от кешіп, кең байтақ атамекен – туған жер, Отанымызды қорғаған ерлердің ерлігі ешқашан ескірмек емес.

Осы орайда 9-мамыр Ұлы Отан соғысы жеңісі күніне орай ақсақал қарияларды қашан да қадір тұтатын ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бір топ Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл ардагерлерін қабылдап, қаржылай сыйлық тарту етті. «Келер ұрпаққа көрсетер үлгі-өнегесі мол ардагерлер қандай да болсын құрметке лайықты. Өйткені, сіздер – саналы ғұмырларыңызда оққа төсін тосып, отқа қарсы шапқан, ел қорғап, халыққа қызмет ету нәсіп болған жансыздар. Біз сіздер жасаған ерлікке қашан да бас иеміз. Алла Тағала сіздерге амандық, отбасыларыңызға береке бергей», - деді бас имам майдангерлермен кездесу барысында.  

Сыйлықты мешіттің азаншысы Арман Урумбаев табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Лайым еліміз аман болып, соғыс өрті төнбесін!

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Орталық мешіті ұжымы табиғат аясында демалыс күндерін өткізді

1-мамыр бүкілхалықтық бірлік күні мерекесі күніне орай «Иманғали» орталық мешіті ұжымы ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, бас имам Батыржан Берденұлының бастамасымен табиғат аясына демалысқа шықты.

Табиғат аясында өткен демалыс барысында ұжым мүшелері ұлттық ойындар ұйымдастырып, ұлттық ас мәзірлерін дайындады

Сондай-ақ, «Атамұра» демалыс орнында ат бапкерін жолықтырған өкіл имам  9-мамыр Ұлы Отан соғысы жеңісі күнінде бәйгеге қосылатын бапкер сәйгүлігінің дүбірлі додада жүзден жүйрік шығуын тілеп, дұға жасады.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...