Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тарауих намазының алдында уағыз жүргізілуде

Қасиетті Рамазан айында отыз күн бойы тарауих намазы оқылатыны белгілі.  Осыған орай, «Иманғали» орталық мешітінде және қаладағы өзге де мешіттерде тарауих намазының алдында уағыз жүргізілуде.

Орталық мешіттегі уағыздарда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Рамазан айының қасиеттері мен тарауих намазының оқылу реті туралы жамағатқа насихат айтып, ұлық айдың ерекшеліктерін түсіндіруде.  

Айта кету керек, бір ай Рамазанда Құран оқитын қарилар – Түркия Республикасынан арнайы шақыртылған Мұстафа Зенжиржи мен мешіт ұстазы Хусейн Кая сынды Түркия Республикасынан арнайы шақыртылған Мұстафа Зенжиржи мен «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Хусейн Кая сынды дін саласының білгірлері.

 

 «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Сүннет бойынша намаз оқу тәртібін көрсетті

Осыған дейін хабарлағанымыздай, маусым айынан бастап «Иманғали» орталық мешітінде жазғы сауат ашу курсының өз жұмысын бастағаны белгілі. Курс барысында шәкірттер Құран бойынша сауат ашып, намаздың оқылу тәртібін де үйренуде.

Мешіттің наиб имамы М.Мұстафаев курс шәкірттеріне намаздың оқылу ретін үлгі ретінде көрсетіп, шәкірттермен бірге өзі де орындады.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Рамазанда бір құлшылық бар тарауих деген...

Құдіретті күшті Ұлы Жаратушының бұйрығымен бүкіл жер-жаһандағы мүмин- мұсылмандар парыз болған қасиетті Рамазан айының оразасын тұтуда.Себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазан айында шын- айы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасалған күнәлары түгелдей кешіріледі», - дейді. Әрине, барша мұсылман баласы ақиретте амал-сауаптарының мол болып, Ұлы Раббымыздың рахым-берекетінен үміт етеді.

Рамазан – құлшылық ғибадат айы. Барша жамағат ауыз аша салысымен Рамазан айында оқылатын 20 ракағат Тарауих намазына қатысу үшін мешіттерге ағылады. «Тарауих» «тынығу» мағынасын білдіретін сөз. Яғни, тарауих – Алла үйіне келген әр мұсылманның  демалып, рухани ләззат алып қайтуына мүмкіндік беретін құлшылық.

Міне, пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сай Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов, наиб имам Ізбасар Қабдырахманов пен Нариман Жұмашевтар күнделікті Құптан намазы мен Тарауық намаздары аралығында тұщымды уағыз-насихат айтуда. Мешіт ақсақалдары мен жамағат қауымы өз ризашылықтарын білдіріп, 20 ракағат Тарауихтарын толық өтеп тарқасуда.

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...

«Иманғали» орталық мешіті 1-маусым балалар күнін атаусыз қалдырмады

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының тәрбиеленушілеріне құттықтау хат жолдап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Айтулы күнге орай аталмыш мекемеде «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында өткен шараға өкіл имам атынан қатысқан мешіт азаншысы, ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша Жалпы және жастар ісінің жетекшісі А.Урумбаев Ислам дінінің балаларға, әсіресе баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, білім алуды үндейтін асыл дін екенін айтты. Бүгінгі баланың ертеңгі ел үміті екенін жеткізген А.Урумбаев «бала жастан оқуға құмар болу, ақ қағаздай жан-дүниесін біліммен ағарту – түбі игілікке әкеп соғар өмірдегі ең хайырлы амал», - деді.

Шара соңында А.Урумбаев өкіл имамның бүлдіршіндерге арнаған сыйлықтарын таратып, бөбектерді бір қуантып тастады.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...