Сайд ибн Зайд \ ұстаз Арман Урумбаев
- Бөлім: Медиа дәрістер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Алла Тағаланың Адамзат баласына жіберген ақырғы елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ның бізге аманаттап кеткен асыл діні – Исламмен Қазақ елі қайта қауышып, қаншама адамдар ағылып, мешіттердегі құлшылық-ғибадаттарға асығуда. Ислам шариғаты бойынша күнделікті бес уақыт намаздарға арнайы әуелетіп азан айтылып, жамағаттар мешіттерге қарай жүгіріп, жамағаттпен намаз өтеуге асығады.
Қазақ: «Заманына қарай амалы», – деп тегін айтпайды. Қазіргі таңда мешіттерде азан үнін алыстарға жеткізетін арнайы дыбыс зорайтқыштар қолданылуда. Жүрегі мешітке байланған арда азаматтар Алла үйіне екі дана дыбыс зорайтқыш пен екі дана дыбыскүшейткішті сыйға тартып, мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов, қасиетті айда жасалған әр ізгі амалдарымыз құдіреті күшті Құдай Тағала тарапынан мол сауапқа жазғай! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Мәулімбеген» мешіті
.jpg)
Барша мұсылман баласы бұл күндері ауыз бекітіп, Рамазан айының парыз болған оразасын тұтуда.Таңнан қара кешке дейін ас-судан, дөрекі сөздер мен жаман әдеттерден тиылып, Алла Тағаланың мол сауабынан үміт етуде.
Күллі мұсылман жамағаты отыз күн Ораза күндері игілікті амал жасап, сауабын Раббымыздан күтеді. Осындай ізгілікті мақсатпен «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов пен көмекші молда Серік Бәйменов, «Кең-Өзек» ауылдық округінің әкімі Сәден Лұқпанов пен әкім орынбасары Үмітжан Есенғалиева, жалпы әкімшілік қызметкерлерін қасиетті де қастерлі Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ-ның тарапынан жарық көретін басылымдарды тарту етті.
Жаратқан иеміз Рамазан айының шарапатын баршамыздың шаңырақтарымызға дарытқай! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті
.jpg)