Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өкіл имам Атырау селолық мешітінде өткен Құран сайысына қатысты

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Атырау селолық мешітінде өткен Құран сайысына қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.  

Мешіттің бас имамы Санат Ускенбаев, ұстаз Бағытжан Жолдасов, сондай-ақ, Алматы қаласынан  арнайы шақыртылған қари Ислам Қожа Әбдісаттаровтар әділқазылық еткен сайысқа негізінен мешіт жамағаттары демеушілік етіп, қаржылай қолдау білдірді.

          Сайыс қорытындысы бойынша «Бас жүлдеге» ие болған Әсетов Бейбарыс кіші Умра қажылығы жолдамасымен марапатталып, жүлделі 2-орын биігінен көрінген Қуаныш Данабекке 50 000 теңге, 3-орынға табан тіреген  10 жасар ең жас сайыскер Серікұлы Абдуллаға 30 000 теңгедей ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Рамазан – қайырымдылық айы

Рамазан – жасаған жақсылықтар сансыз еселеніп, Алланың нұры жауатын ай. Расында, жыл өткен сайын ораза ұстаушылар қатарының көбейіп, қайырымдылық жасауға ниетті жандар санының артуы көңілге қуаныш ұялатады. Айта кету керек,  биылғы Рамазан айында «Иманғали» мешітіне хабарласып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созамын деушілер жиі хабарласуда.

Осы орайда бір топ қала тұрғындары 1-маусым балалар күніне орай жағдайы төмен отбасылардың балаларына сыйлықтар тарту етіп, балалардың көңілін бір серпілтіп тастады.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Өкіл имам «Мүбәрак Рамазан» атты білім сайысының жеңімпаздарын марапаттады

Өкіл имам «Мүбәрак Рамазан» атты білім сайысының жеңімпаздарын марапаттады

ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Мүбәрак Рамазан» атты кітабы бойынша жас жамағаттар арасында білім сайысы өткен болатын.

Мешіттің наиб имамы А.Жұмабекұлы, М.Мұстафаев, сондай-ақ, ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің Атырау облысы бойынша жетекшісі Арман Урумбаевтар қазылық еткен сайыста жас жамағат «Рамазан», «Шәббаб» және «Раийан», «Шаһада» атты 4 топқа бөлініп, өзара бақ сынасқан еді. Сайыстың қорытындысы бойынша «Раийан» тобы жүлделі 1-орынға ие болса, «Шәббаб»тобы 2-ші, «Рамазан» тобы 3-ші орындар биігінен көрінді.

2-маусым, қасиетті жұма күні өкіл имам сайыс жеңімпаздарын марапаттап, сыйлықтарын тарту етті. Атап айтқанда, 1-орын алған «Раийан» тобына Астана қаласына өтетін «EXPO – 2017» көрмесіне барып-қайту жол билеттері тарту етілсе, 2-орын алған «Шәббаб» тобының Рамазан айында қаладағы мейрамханаларда 2 күн ауызашарда тегін тамақтануына қажетті қаражат бөлінді. Ал, 3-орын алған «Рамазан» тобына бағалы сыйлық тарту етіліп, «Шәббаб» тобына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 

«Иманғали» орталық

мешітінәәің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...