Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Білімге құштар иманды жас

15 тамыз күні Жылыой ауданы,  «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Имани жаз-2017» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында алған білімдерін шыңдау, білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында «Білімге құштар иманды жас» атты қыз-келіншектер арасында білім сайысы болып өтті. Бұл іс-шараны Жылыой орталық мешітінің бас имамы А.Исаев сөз сөйлеп ашып берді. Сайысқа «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінен қырыққа жуық шәкірт қатысты. Жарыс үш айналымнан тұрды: Құран оқу, діни логикалық ойындар, пайғамбарымыздың өмір тарихынан сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Әр  айналым бойынша үздік шәкірттер іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар мешіт тарапынан арнайы дайындалған әртүрлі сыйлықтарға және алғыс хаттарға ие болды.

Жылыой аудандық орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу