Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіттер жамағаты волейбол ойнап жарысты

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансуровтың бастамасымен Атырау қаласындағы мешіттер жамағаты арасында волейбол ойынынан жарыс болып өтті. Атырау қаласындағы Нұрсая мөлтекауданының спорт кешенінде болып өткен жарысқа жамағат асқан белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде "Әт-Тақуа" мешітінің жамағаты бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орынды "Құспан молла" мен "Қ.Мұңайтпасұлы" мешіттерінің жамағаты бөлісті. Бас жүлдені иеленген Әт-Тақуа мешітінің жамағатына сиыр малы сыйға тартлды. Команда мүшесіндегі алты адам дүлдені бөлісіп, сиыр малы етінің жарты бөлігін мұқтаж жандарға таратты. Құрбан айт мерекесіне орай орайластырылған спорттық шара осылайша қайырымдылыққа ұласты. Айта кету керек, жүлделі орын иелерінің барлығына бағалы сыйлық табыс етілді. 

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Жастар табиғат аясына сейілге шықты

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, "Иманғали" орталық мешіті жанына құрылған "Иман жастары" тобы табиғат аясына сейілге шықты. Бастамашыл жастар орталық мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев пен мешіт ұстазы Еламан Бегалиевтің уағыздарын тыңдап, көптеген сауалдарға жауап алды. Әсіресе, дін мен дәстүр сабақтастығы, ислам дініндегі изгілік, бауырмалдылық, туыстық қатынастарды сақтау, некеге беріктік мәселелері кеңінен талқыланған тақырыптардың бірі болды. Айта кетелік, табиғат аясына саяхат Махамбет ауданы аумағына қарасты "Баклан" демалыс орнында өтті.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу