АТЫРАУ: БАС ИМАМ ЖАСТАР АРАСЫНДА БӘЙГЕ ЖАРИЯЛАДЫ
- Бөлім: Жаңалықтар
Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров орталық "Иманғали" мешіті жанынан құрылған "Иман жастары" тобының еріктілерімен кездесті. Елге қызмет ету, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, кішіге ізет көрсету хақында уағыз-насихат жүргізген ұстаз Батыржан қажы Берденұлы жастар жамағатына ілім сайысы жобасына қатысуды ұсынды.