Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» мешітіне жөндеу жүргізілді

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешіті ғимаратының сыртқы қабатына жөндеу жасалды.

Мешіттің сыртқы қабатын әктеу, сырлау, қайта өңдеу жұмыстары қатар жүргізілді. Сонымен бірге, мұнайлы өлкенің бас мешітінің кіші залына жаңа кілемдер төселді. Қайта әрлеу жұмыстары осылайша, ғибадат үйінің жаңаша реңкін кіргізді.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Нұр-Мүбарак университеті мен Атырау облысы меморандум жасады

Шәкірттерге қолдау көрсету жағынан Атырау облысы алдына жан салмай отыр,- деді Нұр-Мүбарак университетінің  ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди атыраулық делегацияны қабылдау барысында. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы өкіл имамы Батыржан Мансуров, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мырзалар Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреп, біршама мәселелерді талқылады. Құрметті қонақтарды қабылдаған проректор, доцент Қайрат Құрманбаев шәкірттердің білім алу жағдайын, олардың толыққанды білім алулары үшін университетте қаншалықты жағдай жасалғандығын жан-жақты түсіндірді. Ал ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат Атырау облысының шәкірттердің оқуақы, жатақхана төлемімен қатар шәкіртақы төлеп отырғанына ризашылықтарын білдірді.

Нұр-Мүбарак университетінде бүгінде 30-ға жуық атыраулық шәкірттер білім алса, олардың 22-сі облыс әкімдігімен келісімшарт жасап, тікелей қаржылай көмек алуда. Яғни олар айына өз шәкіртақыларымен қоса 40 мың әкімдік шәкіртақысы,  жатақхана төлемақысы төленеді. Ал 13-і ақылы бөлімде оқығандықтан оқуақысы да қамтамасыз етілген. Бұл соңғы 2 жылда қалыптасқан қамқорлық.  Атырау облысы ДІБ басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша қазір елімізде және шетелде діни салада білім алушы атыраулық жастарға 20 млн. теңгедей қаржы қарастырылған. Бұл олардың дұрыс бағыт-бағдар көрсететін жақсы маман болуы үшін жасалып жатқан жағдай. Университет басшылығымен кездесіп, үш жақты меморандум жасалғаннан кейін атыраулық делегация шәкірттермен кездесті.

Бізге келісімшарт жасамаған шәкірттер тізімге қосылып, елге барып қызмет етуді ойлаңыздар. Қазір аймаққа білікті мамандар ауадай қажет. Сіздер қазір барынша білім алып, ертең ел ішінде нағыз ислам дінін, имандылықты тарататын миһраб иесісіздер. Ал миһраб иесі дегеніміз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мирасқорлары. Қазіргі білім алатын уақытты зая кетірсеңіздер, ел ішінде кезекші молда болғаннан кімге пайда. Өздеріңізге де, өзгелерге де пайдасы жоқ болудан сақтаныңыздар, - деді өкіл имам Батыржан Мансуров.

Шәкірттер де өздеріне үміт артып отырған ағаларының, елдің үмітін ақтауға уәде берді.

Толығырақ ...

Бас имам сыр сақтаудың маңызы туралы уағыз айтты

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте айлық дастархан ұйымдастырылды.

Облыс орталығына қарасты барлық мешіттерден екі жүзге жуық жамағат жиналған айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау аймағының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, исламдағы сыр сақтаудың маңызы туралы уағыз айтты.

«Сыр – біреудің саған берген аманаты. Сырды сақтау – әз Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) асыл қасиеттерінен. Инсанның Жаратушысына құлшылық қылуы, ораза ұстауы, жасырын садақа-зекет беріп, тәспі-зікір етуі, бұның барлығы да көпшілікке жария қып шаша бермейтін сыр амал. Иманды жан рухани кемелділікке ұмтылғанда, ең бірінші, айналасындағы ағайынмен ара-қатынасын түзей бастайды. Ой түзелсе, сөз түзеледі. Сананы Жаратушының қалауына ырықтап, шығар сөзді имани ой елегінен өткізіп, салиқалылыққа бой ұрған адам қай кезде де достары мен туыстарының жадында. Сөзге берік адамға достары сенім білдіріп, сұхбаттасып, сырын ашып жатады. Сол сырды сақтау - достық әдептерінің бірі. Алла Тағала Құранда: «...Сертті орындаңдар! Сөзсіз (қияметте) серттің де сұрауы бар!» - деп ескертеді (Исра сүресі, 34-аят)» деген Бас имам Батыржан қажы Берденұлы бір ауыз сөзбен адамды жақын етуге де, болмаса, көңілін қалдырып, әбден алшақ етуге де болатындығына тоқталды.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу