Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар Әт-Тақуа мешітіндегі айлық отырыста бас қосты

Тәуәссул мәселесінің мәні және маңызы. Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінің ұстазы Дәрібай Нұрсұлтан ұстаз мешіттің жастар жаматағымен айлық дастарханда бас қосып, осы тақырыпта уағыз айтты.

Ұстаздың атап өтуінше, тәуәссул пайғамбарымызды (с.ғ.с) араға қойып Алладан тілектер сұрау. «Бұл мәселеге қатысты мыңдаған мысалдар бар. Бізге жеткен деректердің бірінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дәуіріндегі мына бір оқиға баяндалады. Бірде екі көзі су қараңғы көрмейтін адам көздерінің ашылуы үшін пайғамбарымыздан (с.ғ.с) дұға етуін сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қаласаң дұға етемін. Бірақ, сабыр етіп, шыдасаң сен үшін одан да жақсы болады» деді. «Сабыр етуге күшім қалмады. Дұға етуіңіз үшін жалынамын» деп жауап берді зағип адам. Алла Елшісі (с.ғ.с) оған дәрет алып,  дұғаны оқу туралы айтады. Әлгі адам дұғаны оқыған кезде Алла Тағала дұғасын қабыл етіп, көзінің ашылғанын хадис ғалымы Имам Нәсаи білдіреді» деген ұстаз жастар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...

Ақылбек Құрманғалиев - Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітке наиб имам тағайындалды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен жаңа қызметке кіріскен Ақылбек Құрманғалиев Орал медресесінің түлегі.

2012-2015 жылдар аралығында аталмыш медресені аяқтағаннан кейін Ақылбек Идиятұлы  Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөкей орда ауданында наиб имам қызметін атқарған. Кейін 2016-2017 жылдары аталмыш облысқа қарасты Казталовка ауданында еңбек етіп, асыл дінімізді насихаттау, халық ағарту жұмыстарына өз үлесін қосқан.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.   


Толығырақ ...

Өкіл имам облыстық газет ұйымдастырған қауырт желінің басты мейманы болды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау аймағы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жергілікті «Атырау» облыстық газеті ұйымдастырған тікелей желінің басты мейманы болды.

Бір сағатқа созылған тікелей желі барысында облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы дін мен дәстүр сабақтастығы, жаназа және жерлеу рәсімдері, намаз оқудың шарттары, жат ағым өкілдерінің басты қателіктері, мешіт үйлерінің ішкі жұмыстарын үйлестіру сынды түрлі тақырыптарда қойылған сауалдарға және әлеуметтік желі арқылы келіп түскен сұрақтарға кеңінен жауап берді.  

Атырау қаласы, Исатай, Махамбет, Қызылқоға аудандарынан бөлек, әлеуметтік желі арқылы Қостанай қаласынан келіп түскен сауалдардың бірінде оқырмандар қаралы үйде қазан аспау туралы мәселенің қаншалықты шариғатқа сай келетінін сұрады. Бас имам Батыржан қажы Берденұлының айтуынша, қаралы үйден ас көтермеу мәселесі шариғатқа қайшы келмейді. «Себебі, шаңырақ онсыз да жақынынан айрылып, қайғы жұтып отырғанда, сүйекті оң жаққа жатқызып қойып, шалынатын мал немесе мейрамхана іздеу қамымен жүрген дұрыс болмайды. Марқұмды жерлеп келгеннен кейін көр қазғандарға дастархан жаюға болады. Онда да мүфтият ұсынған қарапайым ас мәзірі қолданылса, орынсыз ысыраптың алдын алған болар едік» деген өкіл имам, ислам дінінің қарапайымдылықты қолдайтынын атап өтті.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...