Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алғыс айту - шүкіршілік белгісі

Әз-Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадис шарифінде «Адамдарға алғыс айтпаған, Аллаға шүкіршілік ете алмайды»  деген. Жасаған жақсылыққа алғыс білдіру - мұсылмандықтың белгісі болып табылады.

 

Осы қанатты қағиданы басшылыққа алған Жылыой аудандық Мұсылмандар мешіті «Алғыс айту» күніне орай, бір топ азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Олардың ішінде түрлі сала мамандары бар. қиналған сәтте аз ғана көмек ерекше бағаланатын бәрі біледі. Бірі дәнекерлеуші болса, енді бірі электрик маманы, бірі кәсіпкер, бірі жамағаттарды бірлікке шақырушы. Олардың барлығы қашанда мешіттің имамы мен ұстаздары жанынан табылып, қажет сәтте қолдау көрсеткен азаматтар. Шынында бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болып келеді. Марапат иелеріне алдағы өмірде халықтан алғыс пен бата алып жүруге тілекшіміз.

 

«Жылыой Мұсылмандар» мешітінің баспасөз қызметі.


 

Толығырақ ...

«Алғыс айту» күніне орай дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен, «Алғыс айту» күніне орай, орталық «Иманғали» мешітінде дөңгелек үстел өтті.

Жастармен арада өткен шарада мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев адамгершілік, ізгілік, үлкенді сыйлау тақырыбында уағыз айтты. «Ислам діні жасы үлкен кісілерді сыйлауды, тіпті ол кісінің біздің жасымыздан бір күн үлкен болса да оны құрметтеуді өсиет етеді. Сол сияқты  кішігі де ізет етуге шақырады. Үлкенді құрметтеу - ислам дінінің негізі болып табылады. Бұған байланысты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) өмірінен көптеген жарқын  мысалдарды көруге болады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын): «Кімде-кім үлкендерді жасына қарап, оларды сыйласа, онда Алла Тағала ол кісіні қартайған кезде, оған қызмет ететін адамдарды нәсіп етеді» деп, кейінгі буынға үлкенді құрметтеуді өсиет еткен» деп атап өтті ұстаз.

Одан әрі шара сұрақ-жауап форматында жалғасты. Соңынан қатысушыларға «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітап сыйға тартылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу