Жастар ағаш отырғызды. Бұл қайырлы бастаманы Атырау қаласы Жұлдыз елдімекеніндегі Қ. Мұңайтпасов атындағы мешіттің жастар жамағаты қолға алды.
«Мешіт ауласына жиырмаға жуық көшет отырғызылды. Істің басы-қасында жастардың өздері жүрді. Мешіттің алдын көгалдандыруға өз үлестерін қосқан жас жамағатқа алғысымыз зор» дейді Қ. Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Ағаш отырғызу, қоршаған ортаны қорғау – қашанда қайырлы іс болып қала бермек. Мұны сонау ықылым заманнан қалыптасқан дәстүр десек те болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтып өткен хадисте де: «Қиямет-қайым басталған кезде кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті болса, қиямет болмастан бұрын отырғызуға күші жетсе, дереу отырғызып үлгерсін»дейді. Тағы бір хадистерде «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» делінген. Өзгеге үлгі боларлықтай қайырлы іске жастардың бастамашы болып отырғандығы қуантады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.