Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жұлдыз мешітінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айы қарсаңында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте дайындық жұмыстары жүруде.

Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан мешіт ауласына қазіргі таңда төсемтастар төселіп, жүргіншілер қозғалысы үшін жағдай жасалды. Яғни, мешіт маңындағы жол мәселесі реттеліп, жаңаша реңкке еніп қалды. Сонымен бірге, бұрын мешіт ауласында әйел жамағаттың дәрет алуына жағдай жасалмаған болатын. Аз уақыт ішінде әйелдер дәретханасы іске қосылады деп күтілуде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


                                     
                         



Толығырақ ...

Белгілі ұстаздар мұнайлы өлкенің Миялы ауылында болды

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров және республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына жұмыс сапарымен келді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу