Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қадыр түнінің құрметіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Қасиетті Қадыр түнінің құрметіне орай, Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Көп балалы, қарт кісілер категориясындағы жалпы саны бес отбасыға азық-түлік пакетін табыстады. Мұқтаж жандарды Қадыр түнімен құттықтаған аталмыш мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев Рамазан айы туралы уағыз айтты.

«Рамазан  – адамды адамгершілікке, көркем мінезге, имандылыққа тәрбиелеу үшін Алланың адамға бұйырған құлшылығы. Рамазан айында адам сабырлылыққа, шүкірлікке, шыдамдылыққа, әдептілікке, тақуалыққа тәрбиеленеді. Жыл он екі ай сол деңгейде қалу үшін адам баласы тек қана ішіп-жеуден өзін тыйып, асқазан оразасын ұстап қана қоймай, Рамазан айында көзімен де, құлағымен де, аяғымен де, қолымен де, тілімен де ораза ұстауы керек. Яғни, жаман қылықтардан тыйылып, солай жалғасуы үшін иманмен, ықыласпен, құлшыныспен беріліп, шын ниет еткені абзал. Жақсылықты әдетке айналдыру адамның ішкі ниетіне және ерік-жігеріне де байланысты» деді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев қайырымдылық шарасы кезінде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...

АТЫРАУ ХАЛҚЫ ҚАДІР ТҮНІН ЕРЕКШЕ АТАДЫ (фото)

Қадір түні - мың айдан қайырлы болған ұлы кеш. Атырау өңірі осынау сауапты да, қасиетті Қадір түнін жылдағыдан ерекше атады. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен "Иманғали" орталық мешіті Қадір түнін халықпен біргекең көлемді рухани шаралармен өткізді. Алдымен 700-ден астам жамағатқа мешіт ауласындағы қаз-қатар тігілген киіз үйлерде ауызашар дастарханын жайды.

Толығырақ ...