Кеше еліміздің барлық мешіттерінде Тарауық намазы аяқталды. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде Бас имам Батыржан Мансұров Тарауық намазын өткізді. Содан соң бата жасап, Алладан ел-жұрттың амандығын тіледі.
Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер енеді. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады. Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар келеді, періштелер кірмейді, үй-ішіне тынышсыздық келеді, жақсылық азайып, жамандық көбейеді» деген.
Айта кетелік, Тарауық намазы — Рамазан айында Құптан намазынан кейін жамағат болып оқылатын намаз. Тарауық намазы сауабы орасан зор сүннет амалдардың бірі болып саналады. Имамға ұйыған жамағат Құптан намазынан кейін 20 рәкәғат Тарауық намазын оқиды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.