Сауат ашу курсында білім алып жатқан балаларға діни әдебиеттер таратылды
- Бөлім: Жаңалықтар
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт жанында жұмыс істеп жатқан сауат ашу курсына Астанадан арнайы кітаптар әкелінді.
Діни әдебиеттер курста білім алып жатқан балаларға тегін таратылды. «Ондағы мақсатымыз – дәріс кезінде алған білімді шыңдау. Шәкірттерімізге үйге барған уақытта да өтілген сабақты ата-аналарымен бірге отырып пысықтауға жағдай жасау» дейді Атырау қаласының Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
«Негізгі діни мағлұмат» кітабында сенім, ғибадат, құлшылық, мінез-құлық хақында кеңінен жазылған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірбаяны жөнінде сыр шертетін екінші кітап «Сияр ән-нәби» деп аталады. Осылайша, діни әдебиеттер барлығы 45 балаға таратылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.