Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда жастар аудиториясына арналған көшпелі дәріс өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігінің мұнайлы өлкенің орталығында көшпелі дәрісі өтуде.

Жастар аудиториясын қамтуға арналған көшпелі дәріс Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мəулімберген» мешітінде өтті. Арнайы дастархан жайылып, бейресми форматта өткен кездесуде орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ерболат Боқанов атақты сахаба Əбу Аюб əл-Ансари өмірінен уағыз-насихат айтты.

«Әбу Аюб әл-Ансаридің (р.а.) үйі екі қабат еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «кіріп-шығар адамым көп» деп астыңғы қабатқа жайғасты. Бұған сахаба Әбу Аюб әл-Ансари мен оның бәйбішесінің көңілі жай болмады. Құдайы қонақтың төменде, өздерінің жоғарыда болуы түн ұйқысын қашырды. Дөңбекшіп неше күн ұйықтай алмайды. «Бір күні су құйылған ыдысымыз құлап, ішіндегі суы жерге төгілді. «Бірінші қабатқа су өтіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) төбесінен тамшыламасын» деп дереу бәйбішем екеуміз өзіміз жамылып жатқан жалғыз ғана көрпемізді судың үстіне тастай қалдық», – дейді. Сөйтеді де шыдай алмастан Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп: «Уа, Расулым! Біздің жоғарыда, Сіздің төменде болғаныңыз бізді жайсыз жағдайға қалдырды. Сіз төбемізде болыңыз, біз төменіңізде болайық», – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жоғары шыққанша жалбарынып тұрып алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да сахабаның көңілін қимай, жоғарғы қабатқа көшеді. Пайғамбарлардың тәжі болған Расулымыз (с.ғ.с) төбеге шыққанда ғана сахабаның көңілі көншіп, ұйқысына береке енеді. Аюб әл-Ансаридің сүйіспеншілігі оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) төбесінде жайбарақат жатқызбады» деп атап өтті ұстаз .

Дәріс соңында ұстаз Ерболат Боқанов жастар тарапынан келіп түскен бірқатар сауалдарға жауап берді.

Айта кетелік, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен жастарға арналған рухани, ағартушылық бағыттағы жобалар жыл бойына жүргізілетін болады.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Сирия жазушысының жазбасынан: «Балаға дінді қалай үйретуге болады?»

«Ұлды болсам, баламның атын – Адам қоямын. Біздің заманымызда адамның аты оған тағылған жала іспетті. Балама Мұхаммед, не болмаса Иса деп ат қоймаймын. Әли деп те, Омар деп те атамаймын. Тіпті, Закария мен Ибраһим пайғамбарлардың да есімін қоймаймын. Девид пен Джорж, бұлардың ешбірі керек емес. Себебі, ертеңгі күні балам жікшіл боп өсе ме деп қорқамын. Ер жеткенде өзге дін өкілдері баламды лаңкес террорист деп, ал лаңкестер – дінсіз деп, шиғалар – сүннит, сүнниттер болса – Алауи шиға деп шеттетуінен қорқамын.

Толығырақ ...

Пайғамбарлар бойындағы бес қасиет

Ислам дінінің шарттарының бірі барлық пайғамбарларға бірауыздан иман келтіру болып табылады. «Пайғамбар» сөзінің лексикалық мағынасы «хабар әкелуші» дегенді білдіреді. Дінімізде пайғамбар деп адал әрі Алланың дінін құлдарына жеткізуші болып таңдалған адамды атайды. Олардың адамзатқа Алла тарапынан жіберілгеніне бойларындағы қасиетттері мен кереметтері дәлел бола алады.

Толығырақ ...

Зекет берілуге болатын орындар мен адамдар

Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадисінде: «Маған зекет бер» – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін».

Толығырақ ...

Жұма уағызы: ҚҰЛШЫЛЫҚТАҒЫ НИЕТТІҢ ОРНЫ

«Мүминнің ниеті амалынан қайырлы...»

/Хадис/

 

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ، وَلَا عُدْوَانَ إِلَّا عَلَى الظَّالِمِينَ، وَأَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ، وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لُهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِير،وَأَشْهَدُ أَنَّ سَيِّدَنا وَحَبِيبَنَا وَشَفِيعَنا مُحَمَّدًا صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ  ، وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ، وَمَنْ سَارَ عَلَى نَهْجِهِ، إِلَى يَوْمِ الدِّينِ،

 

Барлық мақтау мен ерекше мадақ бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаға ғана лайық. Алланың ардақты елшісі, адамзаттың абзалы Мұхаммед пайғамбарға және Оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Толығырақ ...