Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық үш имамға «Қажылық» қорынан жалақы төленді

Еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың бастамасымен аймақтардағы дін қызметкерлеріне «Қажылық» қорынан жалақы төлене бастаған еді.

 

Аталмыш қордан атыраулық үш имам жалақы алды. Жергілікті дін мамандарына жалақыны Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров салтанатты жағдайда табыс етті.

Айта кетелік, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен республикалық «Қажылық» қорынан әр діни қызметкерге жалақы 50 мың теңге көлемінде жүйелі бір жылға төленетін болып шешілді. «Қажылық» қоры республика бойынша жүзден аса имамға жалақы төлесе, Атырауда аталмыш жоба үш дін қызметкерін қамтып  отыр.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Атырау қала мешіттері біршама жұмыстар пысықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Атырау қаласына қарасты мешіт имамдарын жинады.

 

2019 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталған жиын барысында негізінен жастар мәселесі, оқу-ағарту, сауат ашу, жат ағымның алдын алу, қайырымдылық бағыттары талқыланып, іс-шаралар жобасы бекітілді.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы елімізге қарасты барлық мешіттерге негізінен төрт бағыт бойынша жұмыс атқаруды жүктеген болатын. «Яғни, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралар және сауат ашу бағытындағы жұмыстар алдыңғы кезекте тұратын болады. Десе де, биылғы жылдың басты ерекшелігі тұтас кезеңнің жас буынға арналуы болып отыр. Жақында ғана Астанада «Жастар жылының» ресми ашылуы өтті. Жиынға арнайы қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылына байланысты атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын атады. Осы ретте мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілдігінде жастар арасында руханиятты, қайырымдылықты, ізгілікті насихаттау бағытында іс-шаралар легі жыл бойына атқарылуы тиіс» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы.

 

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің  баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...