Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

БАС МҮФТИ ҰШАҚ АПАТЫНАН ҚАЗА БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

     islam-atyrau.kz/26 желтоқсан, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

«Алматы халықаралық әуежайы маңында болған қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан сіздерге, ағайын-туыстарыңызға, барша халыққа көңіл айтамын. Қайғылы жағдай біздің де жанымызға батты, жүрегімізді ауыртты.

Жаратушы Иеміз марқұмдарды өз мейіріміне бөлесін деп тілейміз. Жарақат алған жандарға Жаратқаннан шипа сұраймыз. Алла Тағала елімізді, жерімізді тосыннан келетін түрлі апаттан сақтасын. Ел аман, жұрт тыныш болғай. Әмин!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады.

Толығырақ ...

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде ұшақ апатынан қаза болғандардың рухына дұға жасалды

   islam-atyrau.kz/26 желтоқсан, 2019 жыл.  Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты бүгін еліміздің барлық мешіттерінде қасиетті жұма намазынан кейін қаза болғандардың рухына жамағатпен дұға жасалды. 

Мұсылманның өзге мұсылманның алдында міндеттері бар. Соның бірі – мұсылман бауыры үшін дұға жасау, жақсылық тілеу. Апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрау, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім, кешірім тілеу – мұсылманның міндеті. 

Біз де қасиетті жұма күні апаттан жарақат алған барша бауырларымызға шипа сұраймыз, марқұм болғандардың артында қалған отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Айта кетсек, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады. Болған оқиғаға байланысты Бас мүфти ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты.

 

Толығырақ ...

28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

   islam-atyrau.kz/27 желтоқсан, 2019 жыл.   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады» делінген хабарламада. Сондай-ақ, Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы Жарлық шықты.

Толығырақ ...