БАС МҮФТИ КУВЕЙТ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ (+ФОТО)
- Бөлім: Жаңалықтар
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
islam-atyrau.kz/21 ақпан, 2019 жыл
Ресей мүфтилер кеңесінің өкілдері мұсылман жастары тақырыбына арналған алдағы шараны талқылау үшін Астанаға келді
Қазақстан мен Ресей діни басқармаларының басшылығы "Діни Жібек Жолы: Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері" атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ресей мүфтилері кеңесінің халықаралық департаменті.
Конференция 10-12 сәуір аралығында Астанада өтеді. Ислам әлеміндегі алдағы шара Ресей мүфтилері кеңесі және Ресей Федерациясының мұсылмандары діни басқармасы делегацияларының сапары кезінде талқыланды, қонақтарды екі ұйым төрағаларының бірінші орынбасары Рушан әзірет Аббясов бастап келді.
Cапар аясында Рушан Аббясов Ресей мен Қазақстанның мүфтияттары өте жылы қарым-қатынаста екенін атап өтті.
Ол Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 2018 жылғы Мәскеуге және Саратов облысына ресми сапарын еске түсіріп, Ресей мүфтилері кеңесіне әлі күнге дейін Қазақстан мұсылмандары басшысымен кездесу туралы жылы пікірлер айтылатынына тоқталды.
РМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Әзірет сұлтан республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті
РМК және РФ МДБ төрағаларының бірінші орынбасары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет сұлтан" республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті
Ал, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы, ҚМДБ басшылығы мен қазақстандық мұсылман қауымы Мүфти шейх Равиль Гайнутдиннің басшылығындағы діни басқармалардың жұмысын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Дереккөз:sputniknews.kz
Біз қазақ мұсылманбыз. Ертеректе ата- әжклеріміздің аузынан дәстүрімізбен шариғатымыз ұштасқан. Халық арасында қандай да бір дау-дамай туған кезде үлкендеріміздің сөзіне тоқтап, ақсақалдарымыздан аттап ешқайда кетпейтін халықпыз. Мұның барлығы қазақи тәлім-тәрбиеміз бен мұсылманшылығымыздың бір белгісі. Біз сонау орыстардың қол астында болып, олардың ақ дінімізді жоюға қанша күш жұмсаса да ата бабаларымыз өзіміздің дініміз бен дәстүрімізді берік ұстанып, Аллаға ғана құлшылық етіп келе жатқан бабалардың ұрпағымыз. Біз алған тәлім-тәрбиеміз Қасиетті Құран кітабымыз бен Пайғамбарымыз Мұхаммедтың (с.ғ.с) хадис шарифтерінен алынған. Қазақта үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ананы сыйлау, құрметтеу - бұлардын барлығы шариғатымыздан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с ) хадисінде былай деген: " Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында", " Жұмақ - аналардың табанының астында" , -деген. Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде теріс бағыттағы жат ағымдар, атап айтқанда, сәләфилік, уахабилік, Хизбут Тахрир, такфирилік ( күпірге айыптаушы) т.б. Жамағаттар халықтың санасын улап, ата-бабамыздың ұстанып келген Абу ханифа мәзхабын адасқанға санап, салт-дәстүрлерді жоққа шығарып, ұстануға болмайды деп, ата-ананы сыйламауға, оларды күпірлікке айыптап, өздерінің көздеген мақсаттарына елдің болашағы жастарымызды үгіттеп, қол шоқпарына айналдыруда. Бұл - еліміздің бейбітшілігіне төнген қауіп.
Тәуелсіз Егеменді еліміздің бірлігіне қол сұққан жат ағымдардың теріс саясатынан сақтану жолдары - бейресми діни білім беру орындарына көңіл бөлу, және бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарында діни негіздердің түп-нұсқасы н дұрыс түсіндіру, дін қағидаларын білікті, білімді дін мамандары арқылы жеткізу, халықтың діни сауатын ашатын оқу орындарын көбейту, елімізде тез тарайтын ақпараттардың бірі - әлеуметтік желілерді бақылауға алу. Бұл шараға тек қана дін қызметкері ғана емес, еліміздің әрбір азаматы ат салысуы қажет. Сонда ғана бейбіт еліміздің тыныштығы сақталып, қазақ даласы өркениетті, бірлігі берік, шаңырағы биік Ел болады.
Мұрат Мұстафаев
“Иманғали” орталық мешітінің
Наиб имамы
Әбу Ханифа Нұғман ибн Сабит Зута ибн Мах әл-Куфи Ханафи мәзһабының негізін қалаушы, фиқһ ғалымы. Ирактың Куфа қаласында 699 жылы дүниеге келіп, 767 жылы Бағдатта қайтыс болған. Әбу Ханифаның ұлты араб болмағандықтан бұл жайында көптеген пікір айтылған.
Әбу Ханифаның тікелей фиқһқа қатысты арнайы жазып қалдырған еңбегі жоқ. «Ирак фиқһы» немесе «рәй» (ақылға сүйену) фиқһі деп аталып, жүйеленген ханафи мәзһабы Әбу Ханифаның шәкірттерінің ерен еңбегі арқылы таралған. Әбу Юсуфтың бас қазы болуы мен көптеген кітап жазуы, Мұхаммед әш-Шайбанидің Әбу Ханифаның білімін, дәріс кезінде шәкірттермен жасаған пікірталастарын қағазға түсіру ханафи мәзһабының танылуы мен таралуына басты себеп болды. Сондықтан Имам ағзамға ұзақ жылдар бойы шәкірт болып, ұстаздарының фиқһ ілімін жалғастырушы Әбу Юсуф пен имам Мұхаммед «сахибайн» (екі жолдас, екі шәкірт) немесе «имамайн» (екі имам) деген атқа ие болды. Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф бір пікірде болса «шайхайн» (екі ұстаз), Әбу Ханифамен имам Мұхаммед бір пәтуаға келсе «тарафайн» (бір пікірде екі адам) деп аталуы олардың мәзһабтың негізін қалыптастырудағы рөлін көрсетеді.
Деректер бойынша, Әбу Ханифаның Ислам Әлемінің бірнеше аймақтарында шәкірттері болған. Мәселен, одан ілім үйренгендердің тең жартысы Куфа, Басра мен Бағдатта, қалған бөлігі Исфахан, Хамадан, Рәй, Мари, Бұхара Самарқанд, Балх, Хорезм секілді Ирактың шығысындағы маңызды орталықтарда болды.
Ханафи мәзһабының құрылып, қанат жаюының тағы бір себебі – Әбу Ханифа мен шәкірттерінің қалыптастырған фиқһ ғылымының өз уақытында жинақталып қағазға түсірілуі. Әрине мұнымен шектелмей кейінгі уақыттарда да жалғасып отырды. Кейбір пәтуалар мен фиқһи мәселелердің Әбу Ханифадан бұрын да жазыла бастағаны туралы айтылады. Мысылы, Қады Шурайх, Ибраһим ән-Нахаи және Хаммад ибн Әбу Сулейманнаң фиқһ жинақтары болған. Дегенмен Куфаға негізделген Ирак фиқһы алғаш рет Әбу Ханифа заманында жүйелі әрі ауқымды түрде жинақталды.
Бүкіл әлем халқының төрттен бірі мұсылман болса, солардың 48 пайызы – Ханафи мәзһабында. Негізінен, Ханафи мәзһабын тоғызыншы ғасырдан бастап Үндістан, Қытай, Индонезия, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары ұстанады.
Ермагамбетов Нариман
«Мәулімберген» мешітінің
Наиб имамы