Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дәурен Абаев Сауд Арабиясының Ислам министрімен кездесті

   іslam-atyrau.kz/4 ақпан, 2020 жыл.   Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2 ақпан күні Эр-Рияд қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен кездесіп, діни жат ағымдардан жапа шеккен азаматтарды оңалту мәселесін талқылады.

Дәурен Абаев Қазақстан Сауд Арабиясының Исламның рөлін нығайтуға, діннің шынайы, бейбітшілікті сүйгіш мәнін насихаттауға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Біз Сауд Арабиясының бүгін де радикалды экстремизм мен терроризмге қарсы ымырасыз күрес жүргізіп жатқанынан хабардармыз. Қазақстан әрқашан терроризмнің барлық формасы мен көріністерінде айыптап келеді. Сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың осы құбылысты жою үшін тиімді ұжымдық күш-жігердің жұмсалуын қолдайды», – деді министр.

Шейх Әбдел Латиф әл-Шейх Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы бауырластық қатынастардың тереңдігі мен беріктігін ерекше атап өтіп, Корольдіктің Ислам діні кең таралған елдердегі бауырластарымен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Мейірімді әрі әділетті имам Салман бин Әбдел Әзиз Әл Сауд және оның мұрагері – мәртебелі ханзаданың басшылығындағы Корольдік бүкіл әлемдегі мұсылмандардың мүдделерін ескеріп, исламы дұшпандары болып табылатын экстремистер мен террористердің зиянды әсерінен қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды». – деді шейх.

Тараптар рухани және діни саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары туралы және Исламның қазіргі жағдайының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша министрлер радикалды діни ағымдардың алдын-алу жөнінде, атап айтқанда, халықты экстремистік діни идеологияның әсерінен қорғау бойынша насихат жұмыстары арқылы тәжірибе мен ақпарат алмасуға келісті.

Сауд Арабиядағы әріптестердің озық тәжірибелерін зерделеу аясында Дәурен Абаев Мұхаммед бен Наиф атындағы оңалту орталығының қызметімен танысып, Қорғаныс министрлігінің жанындағы Идеологиялық соғыс орталығында болды.

Сондай-ақ, Эр-Риядта Дәурен Абаев Сауд Арабиясының ақпарат министрі Турки бин Абдулла әл-Шабанмен кездесті. Министрлер БАҚ саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, екі елдің ірі ақпараттық агенттіктері «ҚазАқпарат» ХАА мен «Сауд Арабиясының ақпараттық агенттігі» арасында меморандум жасасуға келісті.

 

Дереккөз: "Қаз Ақпарат"

Толығырақ ...

«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов Кеңөзек ауылдық округі əкімінің есеп беру жиынына қатысты

   іslam-atyrau.kz/4 ақпан, 2020 жыл.    Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылдық «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов Кеңөзек ауылдық округі əкімінің есеп беру жиналысына қатысты.

 Атырау қаласы əкімінің орынбасары Ринат Бауыржанұлының және жергілікті ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиында өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебі айтылып, жаңа жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың межесі бекітілді.

 Кеңөзек ауылдық округінің əкімі Ернар Өтешқалиевтың есеп беру жиынында пікір білдірген «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыруда отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор екенін айтып, ауыл жұртшылығын бірлік туының маңайында топтасуға үндеді.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мақат орталық мешітінде бірнеше ауданның жамағаты бас қосты

 іslam-atyrau.kz/4 ақпан, 2020 жыл.   Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықовтың бастамасымен жергілікті орталық мешітінде айлық отырыс болып өтті.

Жамағаттың арасындағы ауызбіршілікті арттыру мақсатындағы бірден-бір жоба, айлық отырысқа бұл жолы Мақат қана емес, Жылыой ауданы, Махамбет ауданы, Құрманғазы аудандарынан ұстаздар мен жамағат қатысты.

Меймандардың қатарында Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы да болды.

Осылайша, тұтас облыс жұртшылығының басын қасиетті құлшылық үйінде біріктіруге бағытталған іс-шараға Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов арнайы қатысып, уағыз айтты.

«Он сегіз мың ғаламды махаббатпен жаратқан Алла Тағала адамзат баласына «Бөлінбеңдер!» деп, бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар.

Әдетте, елдің бірлігі жамағаттың татулығынан басталады. Бүгінгідей дініміздің өрістеп, дамуына, құлшылық үйлерінің салынып, діни білім алуға барлық мүмкіндіктерді жасап отырған егемен еліміздің болашағы үшін ынтымағы жарасқан жамағат еңбек етуі керек» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов.

 

 

 

 

 

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

 

Толығырақ ...

Бала білуі тиіс әдептер

«Әдеп» арабтың ادب (әдәбун) сөзінен шыққан. Тілдік мағынасы: «көркем мінез, жүріс-тұрыс, тәрбие, сыпайылық» деген ұғымдарды қамтиды.

«Лисанул – араб» сөздігінде Ибн Манзур: «Адамдарды жақсы қасиеттерге үйретіп, жамандықтан тыйып, тәрбиелегендіктен «әдеп» деп аталған» - деп түсіндірген.

Бұл сөзге қатысты ғалымдар әр-түрлі анықтамалар айтқан. Сол сөздерді сараптай келе мынадай анықтама шығаруға болады. «Әдеп деген – сөзбен де, іспен де мақтауға лайықты болған амалдарды атқару. Басқаша айтқанда, көркем мінез-құлыққа ие болу, мақтауға лайықты істерге тұрақтау».

Қазақта «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» - дейді. Баламыз кішкентайынан әдепті әдетке айналдырсын десек, төменде келетін бір қатар әдептерді үйретейік.

Ата-ана алдындағы әдептер:

1.     Ата-ананың сөздерін тыңдау;

2.     Әмірлеріне бойұсыну

3.     Алдарынан кесіп өтпеу;

4.     Екеуінің қасында дауыс көтеріп сөйлемеу немесе жарысып сөйлемеу;

5.     Рұқсатсыз үйден шықпау;

6.     Рұқсатсыз бөлмелеріне кірмеу.

Бауырларына қатысты әдептері:

1.     Үлкенге құрмет көрсету;

2.     Сөзін тыңдау;

3.     Кішіге мейірімділік таныту.

Дастархан әдебі:

1.     Дастарханға отырмас бұрын қолды үш рет жуу;

2.     Тамақ жеуді «бисмилламен» бастау;

3.     Оң қолмен және өз алдынан жеу;

4.     Үлкендердің бастағанын күту;

5.     Ойын-күлкіден сақтану.

6.     Дастарханнан тұрарда «Әлхамдулилла» деп ішкізген, жегізген Аллаға мақтау айту;

7.     Тамақтан кейін қолды және ауызды жуу.

Дәретхана әдебі:

1.     Дәретханаға кірерде дәретхана дұғасын оқу. Ол дұға былай айтылады:

«Ә'уузу билләәһи минәл – хубси уәл – хобәәис»

2.     Сол аяқпен кіру;

3.     Сол қолмен тазалану;

4.     Дәретхана ішінде сөйлемеу және көп отырмау;

5.     Оң аяқпен шығу;

6.     Шыққан кезде мына дұғаны айту: «Ғуфронәкә»

Үйге кіріп-шығу әдебі:

1.     «Бисмиллә» деп оң аяқпен кіру;

2.     Үйдегілерге сәлем беру;

3.     Шығарда «бисмиллә» деп сол аяқпен шығу және мына дұғаны оқу: «Тәуәккәлту ‘ала Аллаһ, ләә хәулә уә ләә қууәтә иллә билләһил – алиил – азиим»

Көше әдебі:

1.     Көшеде кездескен мұсылмандарға сәлем беру;

2.     Қоршаған ортаны ластамау, дәрет сыңдырмау;

3.     Қоғамдық орындарда (автобус, парктегі орындықтар) үлкендерге орын беру;

4.     Үлкендердің алдын кеспеу;

5.     Көмек сұрағанға көмек беру;

6.     Көзді харамдардан сақтау.

Дәрісхана, мектеп әдептері:

1.     Сыныпқа кіргенде сәлем беру;

2.     Ұстаздың алдында көп сөз сөйлемеу;

3.     Рұқсатсыз сөйлемеу;

4.     Ұстазға қарсы сөз сөйлемеу;

5.     Ұстаздың қателігін түзетпеу;

6.     Ұстаз сыныпқа кіргенде және шыққанда орнынан тұрып құрмет көрсету.

 Айдын СЕРІКБАЕВ,

Атырау қаласы «Құспан молла» мешітінің наиб имамы.

Толығырақ ...