Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әке насихаты

Ұлым! Адал кәсіп етіп жоқшылықтан өзіңді сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады:

Біріншіден, дінін әлсіретеді: яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді.

Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады.

Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады (Лұқман Хәкім)

Жоғарыға