Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Атырау мешіттерінде тазалық сенбілігі өтіп жатыр

Атырау мешіттерінде тазалық сенбілігі өтіп жатыр

 

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен, мұнайлы аймаққа қарасты мешіттерде тазалық жұмыстары жүруде.

 

"Иман жастары" еріктілері орталық "Иманғали" мешітінде сенбілік өткізді. Сенбілік кезінде мешіт ауласы, мешіт ауласы сыртындағы арық бойы тазаланды. Қоқыстар шығарылып, ғибадат үйінің сыртқы көрінісі әжептәуір реттеліп қалды. Сонымен бірге, ағаштардың түбі әктелді.

 

Осындай тазалық жұмыстары Атырау қалалық Құспан молла мешітінде де жалғасты. Мешіт ұжымы жұмыла жүріп, құлшылық үйінің ішкі тазалығымен бірге, аула жұмыстарын да жасады.

 

Асылында мешіт сөзі арабтың "әлмасжид" сөзінен шыққан. Яғни, бұл "басты жерге, сәждеге қоятын орын" деген мағынаны береді. Сәжденің мұсылман үшін Алланың алдындағы ең жоғарғы орын екендігін ескерсек мешіт тазалығына қызмет ету сауабы мол амалдан болып табылады.

Осындай тазалық жұмыстары Атырау қаласына Алғабас ауылындағы мешітте, Жылыой аудандық орталық мешітте өтті.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға