Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Қайғы бөліссе азаяды

Қайғы бөліссе азаяды

Астана қаласындағы жеке үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан, 4-ші ақпан күні бір үйдің бес баласы көз жұмған болатын. Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаға орай, қазақстандықтар марқұм болған сәбилердің ата-аналарына қолдау білдіруде.

Бүгін Астанада тосын оқиғаның құрбанына айналған сәбилердің денесі жер қойнына тапсырылды. Қайғылы оқиғаға атыраулық имамдар үн қосып жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Берденұлы орталық «Иманғали» мешітінде марқұмдардың рухына бағыштап дұға жасады.

Және де Бас имамның бастамасымен Атырау қаласына қарасты мешіт имамдары қаржы жинады. Енді ол қаражат бес бірдей перзентінен айрылып отырған отбасына жолданатын болады. Қайғы бөліссе азаяды. «Мұндай ауыр сынақта елдігімізді, бірлігімізді білдіріп, марқұмдардың отбасына Алла разылығы үшін жан-жақты қолдау білдіргеніміз дұрыс» дейді атыраулық дін қызметкерлері.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға