Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Жылыойда 150-ге жуық жамағат рухани жиында бас қосты

Жылыойда 150-ге жуық жамағат рухани жиында бас қосты

islam-atyrau.kz/14-наурыз, 2019 жыл. Әрдайым жамағаттың ынтымағы мен береке-бірлігі берік болса, мешіт көркі сол болмақ. «Ынтымағы жарасқан ел озады» дейді дана халқымыз. Бабалар салған бұл сара жол бүгінде жалғасын табуда.

Жылыой аудандық  «Жылыой Мұсылмандар» мешітінің ұжымы және Жылыой иман жастарының ұйымдастыруымен «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде жамағатқа бас қосу дастарханы жайылды.

150-ге жуық жамағат жиналған рухани жиында Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев жиналған жамағатқа «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірбаяны және мұсылман адамды құрметтеу жайында» уағыз жүргізді.

«Алланың елшісі, жанашыр және ақыреттегі шапағатшымыз Мұхаммед (с.ғ.с) адамзатқа екі дүниеде бақытты болудың жолын көрсетті. Адам баласын қараңғы түнектен нұр шашқан жарыққа шығарып, тығырықтан құтқарып сара жолға салды. Ең кәміл теңдессіз тұлға Мұхаммед  (с.ғ.с.)-нің керемет үлгі-өнегеге толы ғұмырын білу - «мен мұсылманмын, ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с) үмбетімін» деген әрбір кісінің міндеті» деп атап өтті Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.

 

 

 

 

Жылыой аудандық орталық  мешітінің баспасөз -  қызметі. 

 

Жоғарыға