Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Білім алудың артықшылығы неде?

Білім алудың артықшылығы неде?

islam-atyrau.kz/14-наурыз, 2019 жыл. Дін атын жамылған жат ағым ерушілерінің денін негізінен жастар жамағатының құрауына не себеп?  «Жылыой Мұсылмандар» мешітінде  бас қосқан жастар жамағатына уағыз айтқан Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев осы мәселеге кеңінен тоқталды.

«Қасиетті Құранның өзі «Оқы!» деп басталады.  Әу бастан исламда білім алудың, ізденудің маңыздылығы айтылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі - «Ғалым бол немесе ізденуші бол немесе ғалымдарды жақсы көруші бол немесе ғалымдарды тыңдаушы бол бірақ, бесіншісі болма құрдымға кетесің» деген. Яғни, білім алу барлық мұсылманға парыз» деп нақтылады Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.

«Жылыой Мұсылмандар» мешіті жанындағы «Иман жастары» ұйымының ұйымдастыруымен өткен басқосудаЖылыой ауданының бас имамы Арман Исаев адам білім алуда ықыласты болса, Алла пендесін ешқашан адастырмайтындығын атап өтті.

 

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз - қызметі.

Жоғарыға