Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Атырауда имамдар үшін қызметтік баспана салынып жатыр

Атырауда имамдар үшін қызметтік баспана салынып жатыр

 

 

 

 islam-atyrau.kz/13 сәуір, 2019 жыл.

 Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте имамдар үшін қызметтік баспана салынуда.

 Қазіргі таңда екі қызметтік үйдің құрылысы жүріп жатыр. "Баспана құрылысын қасиетті Рамазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл үй Алланың дінін тарату жолында ағартушылық іспен айналысып жүрген имамдар үшін қызмет көрсететін болады. Игі жаңалық барша мешіт қызметкерлерін қуантып отыр" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев.

 

 

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

Жоғарыға