Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Әйел жамағаты үшін оразаның қадір-қасиеті туралы уағыз айтылды

Әйел жамағаты үшін оразаның қадір-қасиеті туралы уағыз айтылды

islam-atyrau.kz/27 сәуір, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен орталық "Иманғали" мешітінде дәріс сағаты болып өтті.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шарада Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров ораза ұстау тәртібі, қасиетті айдың қадірі туралы уағыз айтты.

"Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді" деп атап өтті Бас имам.

 

Жетпіске жуық жамағат жиналған шарада одан әрі орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Айша Түзелова оразаны бұзатын нәрселер, қасиетті Рамазанға әйел жанының дайындығы сынды өзекті тақырыптарды қамтыған уағыз айтты.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

Жоғарыға