Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық Ұлан Бағдатұлы республикалық Құран жарысында топ жарды

 

islam-atyrau.kz/28 сәуір, 2019 жыл. Алматы қаласында өткен VІІI Республикалық Құран жарысында Атырау облысының намысын абыроймен қорғаған Ұлан Бағдатұлы "Құранды мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша екінші орын алды.

 Осылайша, Ұлан Атырау өлкесі үшін соңғы бес жылда болмаған жеңісті сыйлап отыр. Бұған дейін Ұлан сайыстың Атырауда өткен іріктеу кезеңінде "Құранды мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша сынға түскен 37 үміткердің ішінен оза шапқан болатын

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі Ұлан Бағдатұлын жеңісімен құттықтайды.

Еске сала кетелік, бүгін Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІI Республикалық Құран жарысы жүлдегерлерін марапаттау рухани кеші өтті.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға