Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мүфтият: Тәуелсіздікті қадірлеу парыз

 islam-atyrau.kz/17 маусым, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді.

«Уақыттың қадірі» туралы уағыз айтқан Б.Әбдірашұлы жамағатты уақыттың қадір-қасиетін ұғынып, оны бос өткізбеуге үндеді.

«Бос уақыт – Алланың бізге берген ұлы нығметі. Біз оған тиісінше шүкір айта алуымыз қажет. Біздің шүкіріміз – бос уақытымызды жоғары бағалап, тиісінше пайдалы істерге жұмсау. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – делінген. Уақыттың маңыздылығының бірден-бір көрінісі – Алланың уақытпен серт етуінде. Құран Кәрімнің бірнеше жерінде Алла күн, түн, асыр, таң уақыттарымен серт еткен», – деп атап өтті Бауыржан Әбдірашұлы.

Наиб мүфти уағыз барысында жамағатты тәуелсіздіктің, бірлік пен бейбітшіліктің қадірін біліп, Алланың берген осынау нығметтеріне шүкір айтып, оны бағалауға, қастерлеуге, қадірлеуге шақырды.

«Бүгінгі береке-бірлігімізден айырып, ел арасына іріткі салғысы келетін ниеті бұзық топтар бар. Біз ондай адамдардың пиғылына алданып, құт-берекемізді қашырып алмауымыз керек», – деді Бауыржан қажы Әбдірашұлы.

 

Жоғарыға