Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Мүфтият қазақстандық қажыларға құрмет көрсетті (+ФОТО + ВИДЕО)

Мүфтият қазақстандық қажыларға құрмет көрсетті (+ФОТО + ВИДЕО)

  islam-atyrau.kz/7 тамыз, 2019 жыл. Бүгін қазақстандық қажыларға Діни басқарма атынан дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Бір мезетте 200 адам астан дәм татып, рухани кештің куәсі болды.

Жылдағы дәстүрге сай жиын Құран оқумен басталып, білікті ұстаздар келген жамағатқа уағыз айтты. Жасы 95-ке таяған Мақұлбек ақсақал көпшілікке батасын берді. Айтулы асқа Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) Консулдығының басшысы Шалданбай Талғат Рахымқұлұлы мен Өзбекстан елінің муфтият өкілдері, елімізден келген дінтанушы ғалымдар, қажылық фирмаларының басшылары қатысты.

Алғаш боп сөз алған ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев жиылған көпке алғысын айтып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазірет Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді. Ортаға шығып сөз алған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы қажылықтың мән маңызына тоқталды.

Өзбекстан Бас мүфтиінің кеңесшісі Нуриддин Халиқназаров өз кезегінде айтулы асқа арнайы шақырып, ілтипат көрсеткен қазақ еліне, ҚМДБ ұжымына алғысын білдірді. 

Сондай-ақ дін қайраткерлері мұсылман әлемінің тыныштығы мен қазақ елінің бірлігі үшін дұға етті. Қажыларға жайылған дастархан соңынан «Сыйлық беріңдер, бір-біріңе деген сыйластықтарың артады» деген Пайғамбарымыздың хадисіне сай Діни Басқарма атынан әзірленген сый-сияпаттар үлестірілді.


Медиа

Жоғарыға