Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Бас мүфти Көкшетау қаласында жұмыс сапарымен болды

Бас мүфти Көкшетау қаласында жұмыс сапарымен болды

 islam-atyrau.kz/7 тамыз, 2019 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында жұмыс бабындағы сапармен болып, жергілікті діни жағдаймен жан-жақты танысты. 

 

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесуде дін қызметкерлерін қолдау және дәстүрлі дінімізге алшақ жат ағымдармен күрес шараларының жайын тілге тиек етті. Бұл ретте жұртшылық арасында имани сананы қалыптастыру мәселесі көкейтесті екені де сөз болды. Бас мүфти мен әкім осы өміршең мәселелерді өзара әңгіме өзегіне айналдырып, оны шешудің жолдарын қарастыратындықтарын атап көрсетті.

Бас мүфти Көкшетау қаласындағы бір ғасырлық тарихы бар ескі мешіт жанынан салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен де танысты. Одан әрі бұрнағы жылы ашылған қарилар орталығында болып, жас шәкірттермен кездесті.

Бас мүфтидің Көкшетау қаласындағы сапары кезінде облыс имамы Қуаныш Сәбит басшылықтан берілген тапсырмалар жауапкершілікпен атқарылып жатқанын айтып, өкілдіктің жұмысы жайлы шағын хабарлама жасады. 

 

Жоғарыға