Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Құрбан айт: мақаттықтар мерекені ерекше жағдайда атап өтуде

Құрбан айт: мақаттықтар мерекені ерекше жағдайда атап өтуде

  islam-atyrau.kz/12 тамыз, 2019 жыл.  «Мақат аудандық» орталық мешіті Құрбан айт мерекесін ерекше жағдайда атап өтуде.

Қасиетті мерекенің алғашқы күні «Мақат аудандық» орталық мешітіне ағылып келушілердің санында шек болмады.

       Айт намазының алдында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, қасиетті Құрбан айт мерекесінің шығу тарихы мен құрбан шалудың маңызы жайында уағыз айтты. Бұдан соң Мақат ауданы әкімініңорынбасары Нұрлан Ерғалиев барша мұсылмандарды ұлы мерекемен құттықтады.

 Құрбан малдары шалынып, ет негізінен көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Сонымен қатар, қой көтеру, кір тасын көтеру, қол күрес сынды спорт түрлері бойынша ойындар ұйымдастырылды. Додада жеңіп шыққан үздіктер қаржылай марапатталды.

Мереке құрметіне бүлдіршіндерге балмұздақтар тегін таратылды.

 

   «Мақат аудандық» орталық мешітінінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға