Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


"Имани жаз": шәкірттер арасында ілім сайысы өтті

"Имани жаз": шәкірттер арасында ілім сайысы өтті

 islam-atyrau.kz/14 тамыз, 2019 жыл.  «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы кезінде Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте білім алған шәкірттер дәрісі қорытындыланды.

«Құран», «Ахлақ», «Әдеп», «Сира», «Дұғалар» тақырыптары бойынша ілім алған бүлдіршіндер арасында жазғы курс қорытындысы есебінде білім сайысы болып өтті.

Сайыс екі кезең бойынша жүрді. Бірінші кезеңде шәкірттер игерген тақырыптары аясындағы сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде ислам тақырыбына арнап өз қиялдарымен сурет салды. Сайыс қорытындысымен шәкірттерге бағалы сыйлықтар мен сертификат табыс етілді.

Еске сала кетелік, «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы бойынша Жұлдыз мешітінде барлығы 35 шәкірт білім алды. Балаларға Астана медресесінің шәкірті Қуаныш Оразғалиевтың ұстаздық еткенін атап өткеніміз жөн. Бұған дейін мешіт шәкірттердің облыс орталығындағы Тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасауына мүмкіндік туғызған еді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға