Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


"Мектепке жол": Құспан молла мешіті 70 отбасының баласына көмек көрсетті

"Мектепке жол": Құспан молла мешіті 70 отбасының баласына көмек көрсетті

islam-atyrau.kz/28 тамыз, 2019 жыл. «Мектепке жол» республикалық акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер қатысуда.

Бұған дейін мұнайлы өлкенің бас мешітінде басталған ізгілік жобасын Атырау қалалық Құспан молла мешіті жалғастырды. Көп балалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына оқу құралдарымен бірге, мектеп формасы тапсырылды.

Барлығы жетпіс отбасының баласы қамтылған іс шара барысында бүлдіршіндерге сыйлықты Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров табыс етті.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген тамаша тәмсіл бар. Бала – еліміздің болашағы. Олар сәби кезінен ізгілікті, жанашырлық, қамқорлықты сезініп өсуі тиіс» дейді ұстаз  Эммат Ғұмаров.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға