Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Атырауда ақ жаулықты аналар ұстаз Батыржан Мансұровты шығарып салды

Атырауда ақ жаулықты аналар ұстаз Батыржан Мансұровты шығарып салды

  islam-atyrau.kz/19 қазан, 2019 жыл.   Бүгін атыраулық ақ жаулықты аналар ұстаз Батыржан Мансұровты жаңа қызметіне сәттілік тілеп шығарып салды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйелдер-қыздар секторының Атыраудағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Атырау облысының Бас имамы, ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

Еркін форматта өткен сұхбат барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы дін саласында Атырауда атқарылған игі істердің барлығында ұстаз Батыржан Мансұровтың қолтаңбасы жатқанын атап өтті. "Имамға қолдаушы болмаса, белгілі бір істі аяқтау қиын. Біткен іс ортақ. Бұл аталарымыз бен аналарымыз бастаған жамағаттың бірлігінің көрінісі. Жаңа қызметке ауысып  жатқан Батыржан Берденұлы жалпы уағыз-насихатпен бірге, әйелдер-қыздар секторымен, жастар мәселесімен айналысатын болады. Сайып келгенде, бұл асыл дінімізді кеңінен дәріптеу арқылы, ел бірлігі жолында атқарылатын игі іс" деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Басқосу барысында ұстаз Батыржан Мансұров Атыраудың ақжүрек халқына алғысын айтты. "Осынау алты жылға созылған уақыт ішінде санамен жұмыс істеуге тырыстым. Жамағаттың бауырмалдылығы, ауызбірлігі нәтижесінде көптеген ізгі жобалар абыроймен жүзеге асты. Атырау әркез жүрегімнің түкпірінде жылы естеліктерімен сақталады" деді ұстаз Батыржан Мансұров.

Илләһи әндер айтылған шара соңы аналардың ақ батасымен, ел бірлігі жолында жасалған дұғамен қорытындыланды.  

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға