Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Бас имам Мақат жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды

Бас имам Мақат жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды

            islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Мақат ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті жұртшылықпен жүздесті.

Мақат аудандық мәдениет үйінде өткен кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын таныстырды.

«Ислам этикасы – көркем мінез-құлық нормалары мен имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік сынды көптеген рухани құндылықтардан тұрады.

Бүгінгі қоғамның мұсылмандары ислам этикасын, ондағы адами құндылықтарды ұстана білуі қажет. Осындай тәлімі мол тұғырнамалар арқылы қоғамдағы тұрақтылық сақталып, рухани кемелдену жүзеге асады» деді ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин жүргізген кездесу барысында.

            Еске сала кетелік, кездесуге зиялы қауым өкілдері, сала мамандары және жастар қатысты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға