Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Бас имам Мақат ауданында жұма уағызын жүргізді

Бас имам Мақат ауданында жұма уағызын жүргізді

 islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.   Мақат ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті орталық мешітте жұма намазын өткізді.

Орталық мешітте жергілікті жамағатпен жүздескен Бас имам басшыға бағыну тақырыбында уағыз айтты. «Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген мына хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді. Бұл халықтың өз басшысына бойсынуы қажеттігін дәлелдейтін хадис.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көзін көрген мұсылман үмбетінің үлгі тұтар тұлғалары сахабалар ел тізгінін ұстаған басшыларға сөзге келмей бойұсына-тұғын. Билікке бойұсыну ісіне аса мұқият болған-ды. Әсіресе, ел ішінде бүлік шыға қалса елді ымыраға шақырып, ел басшысы халифаға қолдау көрсететін. Басшыға бойсұнып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білгеннің ауызбірліктің арқасында ғасырлар бойы билеп келген алпауыт мемлекеттер Византия мен Парсы империясын тізе бүктірді. Ғылым мен өнерді дамытып дүниелік саланың бәрінде жетекшілік жасады. Бұл ненің нәтижесі? Бұл басшыға бағынып жұмыла жұдырық болғанның нәтижесі» деп атап өтті өз сөзінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

         

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Жоғарыға