Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Бас имам Доссор мешіті жамағатына уағыз айтты

Бас имам Доссор мешіті жамағатына уағыз айтты

   islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Бүгінгі Мақат ауданына сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы  Доссор ауылына барып, аталмыш елдімекендегі Сәтен-Шәмек мешітіне барды.

Мешіттің бүгінгі ахуалымен, тыныс - тіршілігімен танысқан ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы құлшылық үйінің тұрақты жамағатымен де кездесті.

Кездесу барысында исламның негізгі мақсаты, өңірдегі діни ахуал, жастар тәрбиесі, әсіресе, рухани құндылықтарды тереңінен насихаттау мәселелері көтерілді. Сондай ақ, Бас имам қоғамды жат ағымнан сақтандыру тақырыбын ерекше қозғады.

"Қазақ жат ағым деп текке атамаған. Ағым су сияқты, ағып кетеді. Демек, біз жат ағым мәселесі толықтай шешілетін кезеңге де қол жеткіземіз. Қазіргі уақытта қазақ руханиятын кеңінен насихаттап, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру маңызды" деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас  имамы Алтынбек Ұтысханұлы. 

 

 

 

        Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға